https://sputnik.kz/20250907/zelenskiy-daniyada-qaru-zharaq-zauytynyn-qurylysy-bastalganyn-khabarlady-56880369.html
Зеленский Данияда қару-жарақ зауытының құрылысы басталғанын хабарлады
Зеленский Данияда қару-жарақ зауытының құрылысы басталғанын хабарлады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский сенбіде Данияда зымырандар мен дрондарға арналған құрамдас бөліктерді шығаратын қару-жарақ... 07.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-07T11:03+0500
2025-09-07T11:03+0500
2025-09-07T11:03+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41055715_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_8c1de8bda91f0dd47e5c325a7af2086c.jpg
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский сенбіде Данияда зымырандар мен дрондарға арналған құрамдас бөліктерді шығаратын қару-жарақ зауытының құрылысы басталғанын хабарлады.Зеленский зауыттың нақты қай жерде ашылатынын ашып айтпады.4 шілдеде Украинаның стратегиялық өнеркәсіп салалары министрі Герман Сметанин украиналық әскери-өнеркәсіптік компаниялар Данияда қару-жарақ өндірісін ашатынын хабарлады. Бұған дейін Украина қорғаныс министрі Рүстем Умеров Киев пен Копенгагеннің Данияда украиналық қару-жарақты бірлесіп шығаруға жол ашатын келісімге қол қойғанын хабарлаған. 21 маусымда Зеленский Украина бірқатар еуропа елінде қару-жарақ өндіру желілерін ашуға ниетті екенін айтты. Украинаның "Общественное" телеарнасы әңгіме Дания, Норвегия, Германия, Ұлыбритания және Литва жайлы болып отырғанын нақтылады.Зеленскийдің стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Александр Камышин шілденің басында Украинаға арналған қарудың алғашқы партиясы келесі жылы шығарылады деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41055715_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_94b31efd7c2fa2fcd07050625058a1b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Зеленский Данияда қару-жарақ зауытының құрылысы басталғанын хабарлады
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский сенбіде Данияда зымырандар мен дрондарға арналған құрамдас бөліктерді шығаратын қару-жарақ зауытының құрылысы басталғанын хабарлады.
"Сонымен қатар біз жаңа бірлескен (кәсіпорындар – ред.) қару-жарақ өндірісін құрып жатырмыз. Тарихта алғаш рет Украина Даниямен осы елдің аумағында бірлескен зауыт салуды бастады, онда біздің зымырандарға, ұшқышсыз ұшатын аппараттарға арналған құрамдас бөліктер шығарылады", - деді Зеленский кешкі үндеуінде.
Зеленский зауыттың нақты қай жерде ашылатынын ашып айтпады.
4 шілдеде Украинаның стратегиялық өнеркәсіп салалары министрі Герман Сметанин украиналық әскери-өнеркәсіптік компаниялар Данияда қару-жарақ өндірісін ашатынын хабарлады. Бұған дейін Украина қорғаныс министрі Рүстем Умеров Киев пен Копенгагеннің Данияда украиналық қару-жарақты бірлесіп шығаруға жол ашатын келісімге қол қойғанын хабарлаған. 21 маусымда Зеленский Украина бірқатар еуропа елінде қару-жарақ өндіру желілерін ашуға ниетті екенін айтты. Украинаның "Общественное" телеарнасы әңгіме Дания, Норвегия, Германия, Ұлыбритания және Литва жайлы болып отырғанын нақтылады.
Зеленскийдің стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Александр Камышин шілденің басында Украинаға арналған қарудың алғашқы партиясы келесі жылы шығарылады деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.