https://sputnik.kz/20251007/qazaqstanda-zhasalgan-zhana-zholaushylar-vagondary-synaqtan-otti-57681872.html
Қазақстанда жасалған жаңа жолаушылар вагондары сынақтан өтті
Қазақстанда жасалған жаңа жолаушылар вагондары сынақтан өтті
Sputnik Қазақстан
Жолаушылар вагондары 10 000 шақырымнан астам сертификациялық сынақ жолдарын сәтті еңсерді 07.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-07T10:23+0500
2025-10-07T10:23+0500
2025-10-07T10:23+0500
қтж
вагон
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/07/57682289_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_9be9c2af42112233d81c8b98bc55fb17.jpg
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Stadler Kazakhstan вагондары Қазақстан темір жолдарында сынақтан өтіп жатыр.Астанадағы "Штадлер Қазақстан" зауытында өндірілген жаңа жолаушылар вагондары 10 000 шақырымнан астам сертификациялық сынақ жолдарын сәтті еңсерді. Тестілік жүрістер еліміздің әртүрлі теміржол учаскелерінде өтіп жатыр.Әр купеде жеке климат-бақылау жүйесі, розеткалар мен USB-порттар, жолсерікті шақыру батырмасы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тактильді белгілер қарастырылған. Вагондар тіпті күрделі климаттық жағдайларда да пайдалануға бейімделген. Олардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл. Жалпы, 2030 жылға дейін 557 жаңа вагон пайдалануға беріліп, компанияның вагон паркі 100%-ға жаңартылады деп күтілуде.
https://sputnik.kz/20250409/elordadagy-zauyt-zholaushylar-tasymaly-aq-ushin-biyl-51-vagon-dayyndaydy-52322327.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/07/57682289_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_209e020ceb1bb471ca51730e858bfea4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қтж, вагон
Қазақстанда жасалған жаңа жолаушылар вагондары сынақтан өтті
Жолаушылар вагондары 10 000 шақырымнан астам сертификациялық сынақ жолдарын сәтті еңсерді
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Stadler Kazakhstan вагондары Қазақстан темір жолдарында сынақтан өтіп жатыр.
Астанадағы "Штадлер Қазақстан" зауытында өндірілген жаңа жолаушылар вагондары 10 000 шақырымнан астам сертификациялық сынақ жолдарын сәтті еңсерді.
Тестілік жүрістер еліміздің әртүрлі теміржол учаскелерінде өтіп жатыр.
"Заманауи вагондар Қарағанды, Тараз, Шымкент және Өскемен бағыттарында сынақтан өткізілді. Тексеру барысында жаңа вагондар тежеу жүйесінің сенімділігін, жүріс бөлігінің орнықтылығын және қауіпсіздік жүйелерінің тұрақтылығын көрсетті. Жаңа вагондардың басты артықшылықтары – жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заманауи инженерлік шешімдер мен ойластырылған эргономика", - дейді ҚТЖ баспасөз қызметі.
Әр купеде жеке климат-бақылау жүйесі, розеткалар мен USB-порттар, жолсерікті шақыру батырмасы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тактильді белгілер қарастырылған. Вагондар тіпті күрделі климаттық жағдайларда да пайдалануға бейімделген. Олардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл.
"2025 жылдың соңына дейін зауыт Ұлттық тасымалдаушыға алғашқы партияны тапсырады. Оның құрамына купейлік, плацкарттық, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы вагондар және генераторлық вагондар кіреді. Сонымен қатар, Stadler жылжымалы құрамға 20 жыл бойы сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.
Жалпы, 2030 жылға дейін 557 жаңа вагон пайдалануға беріліп, компанияның вагон паркі 100%-ға жаңартылады деп күтілуде.