https://sputnik.kz/20251007/petropavl-turgyny-sintetikalyq-esirtki-satqany-ushin-7-zhylga-sottaldy-57679108.html
Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткі сатқаны үшін 7 жылға сотталды
Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткі сатқаны үшін 7 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Оның жалдамалы пәтерінен 200 грамнан астам мефедрон тәркіленген 07.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-07T08:30+0500
2025-10-07T08:30+0500
2025-10-07T08:30+0500
солтүстік қазақстан облысы
полиция
есірткі
https://sputnik.kz/img/old/932/69/9326936_0:39:1228:730_1920x0_80_0_0_901a27a46c580bae0783bb0f1ac71a0d.jpg
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны есірткі сатқаны үшін сотталды.Ол интернет арқылы "жеңіл табыс" табуға қызығып, синтетикалық есірткі саудасымен айналысатын онлайн-дүкендердің бірінде ораушы ретінде жұмыс істей бастаған. Кейін ірі көлемде жеткізілген есірткіні шағын зип-пакеттерге бөліп, оларды тапсырыс бергендерге жасырын орындар арқылы таратумен айналысқан.Қылмыстық топ бұл жұмысты "қауіпсіз" деп сендіргенімен, арада көп уақыт өтпей-ақ ер адам құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Көп ұзамай күдікті қолға түседі.Сот тергеу нәтижесінде айыпталушыны аса ірі көлемде есірткі заттарын дайындап, сақтап және таратқаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Жалпы, биылғы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымнан 771 келі түрлі есірткі затын, соның ішінде 4,5 келі синтетикалық есірткіні тәркілеген.
https://sputnik.kz/20250918/esirtki-qylmysy-boyynsha-kudikti-retinde-audan-men-auyl-basshylarynyn-orynbasarlary-ustaldy-57173166.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/932/69/9326936_102:0:1126:768_1920x0_80_0_0_e9aa6b0b2a80c5a09f06abbcc3280c78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, полиция, есірткі
солтүстік қазақстан облысы, полиция, есірткі
Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткі сатқаны үшін 7 жылға сотталды
Оның жалдамалы пәтерінен 200 грамнан астам мефедрон тәркіленген
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны есірткі сатқаны үшін сотталды.
Ол интернет арқылы "жеңіл табыс" табуға қызығып, синтетикалық есірткі саудасымен айналысатын онлайн-дүкендердің бірінде ораушы ретінде жұмыс істей бастаған. Кейін ірі көлемде жеткізілген есірткіні шағын зип-пакеттерге бөліп, оларды тапсырыс бергендерге жасырын орындар арқылы таратумен айналысқан.
Қылмыстық топ бұл жұмысты "қауіпсіз" деп сендіргенімен, арада көп уақыт өтпей-ақ ер адам құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Көп ұзамай күдікті қолға түседі.
"Тінту кезінде оның жалдамалы пәтерінен 200 грамнан астам мефедрон тәркіленді. Сонымен қатар тергеу барысында анықталған жасырын қоймадан жарты келіден астам синтетикалық есірткі заты алынды. Бұл — жыл басынан бері СҚО-да тәркіленген ең ірі есірткі партияларының бірі болды", - дейді полиция.
Сот тергеу нәтижесінде айыпталушыны аса ірі көлемде есірткі заттарын дайындап, сақтап және таратқаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Жалпы, биылғы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымнан 771 келі түрлі есірткі затын, соның ішінде 4,5 келі синтетикалық есірткіні тәркілеген.