https://sputnik.kz/20250918/esirtki-qylmysy-boyynsha-kudikti-retinde-audan-men-auyl-basshylarynyn-orynbasarlary-ustaldy-57173166.html
Есірткі қылмысы бойынша күдікті ретінде аудан мен ауыл басшыларының орынбасарлары ұсталды
Есірткі қылмысы бойынша күдікті ретінде аудан мен ауыл басшыларының орынбасарлары ұсталды
Sputnik Қазақстан
Полицейлер олардан заңсыз заттарды тәркіледі, облыс әкімдігі оларға қатысты барынша қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді 18.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-18T11:27+0500
2025-09-18T11:27+0500
2025-09-18T11:31+0500
маңғыстау облысы
есірткі
ауыл әкімі
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Маңғыстау облысының билігі полицияға Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылы әкімінің орынбасарын сыбайласымен қоса ұстауға көмектесті, деп хабарлады облыс әкімдігі.Аймақтық полиция қызметкерлері лауазымды тұлғалардан күдікті заттарды тәркіледі және тергеу амалдарын бастады.Лауазымды тұлғалар Маңғыстау облысы бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы жүргізген "Қарасора-2025" арнайы операциясы аясында ұсталды."Қарасора" жедел-алдын алу шарасы жыл сайын 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткізіледі және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарға, әсіресе, есірткі өсімдіктерін заңсыз таратуға, өндіруге және өсіруге қарсы кешенді күрес жүргізуге бағытталған.
https://sputnik.kz/20250917/batys-qazaqstanda-10-adamdy-san-soqtyrgan-er-adam-ustaldy-57165180.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, есірткі, ауыл әкімі
маңғыстау облысы, есірткі, ауыл әкімі
Есірткі қылмысы бойынша күдікті ретінде аудан мен ауыл басшыларының орынбасарлары ұсталды
11:27 18.09.2025 (жаңартылды: 11:31 18.09.2025) Полицейлер олардан заңсыз заттарды тәркіледі, облыс әкімдігі оларға қатысты барынша қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді
АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Маңғыстау облысының билігі полицияға Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылы әкімінің орынбасарын сыбайласымен қоса ұстауға көмектесті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Аймақтық полиция қызметкерлері лауазымды тұлғалардан күдікті заттарды тәркіледі және тергеу амалдарын бастады.
"Аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, қалған күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы белгіленіп жатыр. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Лауазымды тұлғалар Маңғыстау облысы бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы жүргізген "Қарасора-2025" арнайы операциясы аясында ұсталды.
"Заңды бұзған тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қолданылады. Мемлекеттік қызметті жосықсыз қызметкерлерден тазарту - бірінші кезектегі міндет", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
"Қарасора" жедел-алдын алу шарасы жыл сайын 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткізіледі және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарға, әсіресе, есірткі өсімдіктерін заңсыз таратуға, өндіруге және өсіруге қарсы кешенді күрес жүргізуге бағытталған.