Батыс Қазақстанда 10 адамды сан соқтырған ер адам ұсталды

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Жазылу
Ол бірнеше рет алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінді
АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында полиция 10 адамды сан соқтырды деген күдікпен 31 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті әлеуметтік желілер арқылы адамдармен танысып, басқа оқу орындарына ауыстыруға көмектесемін және жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған.
"Оның әрекетінен Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 млн 400 мың теңге", - дейді ведомство.
Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті Алматы қаласында ұсталып, Орал қаласына жеткізілді және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Астанада төмен пайызбен несие алып беруге уәде еткен алаяқ 5 млн теңгеге алдап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
Астанада несие алып беруге уәде еткен алаяқ тұрғынды 5 млн теңгеге алдап кетті
Жаңалықтар
0