Дәрі-дәрмек бағасы қашан арзандайды – министр жауап берді

Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2025
Жазылу
Қазіргі кезде көтерме-бөлшек саудада бағаның 23 процентке төмендегені байқалады
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәріханаларда баға қашан төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін дәрі-дәрмекті таңбалау жүйесін енгізілген болатын. Соның арқасында министрлік 8 мыңнан астам дәріханалардың бағаларын көріп отырады. Бұдан бөлек, биыл дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілді. Ол бұйрықта бір норма бар.
"Ол нормаға сәйкес, бұйрыққа дейінгі дәрі-дәрмектер сол бағамен сатылады, ал жаңадан сатып алынған медициналық препараттар төмен бағамен сатылуы шарт. Бүгінде "СК-Фармация" компаниясы 2026 жылға сатып алуларды бастады. Дәрі-дәрмектің 90 проценті жаңа бағамен сатып алынады. Соның басым бөлігі – төмен бағалар", - деді Әлназарова үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде көтерме-бөлшек саудада бағаның 23 процентке төмендегені байқалады.
"Енді, әрбір дәріхананың медициналық препараттар қоры әртүрлі. Меніңше, 1 қарашаға немесе 1 желтоқсанға дейін қалған дәрілерді сатып жіберсе, одан кейін сатып алған дәрілерді жаңа бағамен сатады", - деді Әлназарова.
Айта кетері, денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын 30%-ға дейін арзандатуға уәде берген болатын.
Продукты в супермаркете - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2025
Көктемде картоп бағасы 185 теңгеден аспайды – үкімет
Жаңалықтар
0