Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын 30%-ға дейін арзандатуға уәде берді

© Photo : Unsplash / Melany @ tuinfosalud.comЛекарства, таблетки, иллюстративное фото
Лекарства, таблетки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2025
Жазылу
Бүгінде Қазақстанда шамамен 6 000 дәрілік зат тіркелген
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға баға қалыптастыру жүйесін ауқымды түрде қайта қарап жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Шекті бағаны реттеудің жаңа тетігі мемлекет есебінен тегін берілетін дәрілерге – ТМККК мен МӘМС шеңберінде, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда арқылы сатылатын препараттарға қатысты қолданылады", - деп жазылған хабарламада.
Амбулаториялық және стационарлық емдеуге арналған тегін дәрілердің тізбесінде бағалар 19%-ға дейін, ал бөлшек сауда дәріханаларындағы бағалар 30%-ға дейін төмендейді.
Жаңартылған тізбе мыналарды қамтиды:
3475 дәрі-дәрмектің және 2917 медициналық бұйымның атауы (ТМККК және МӘМС шеңберінде)
5936 препарат – көтерме және бөлшек саудаға арналған
Баға төмендеуінің орташа көрсеткіштері:
2222 дәрі атауы бойынша – 18%-ға дейін
1847 медициналық бұйым бойынша – 14%-ға дейін
дәріханаларда 5492 дәрінің атауы – 30%-ға дейін
Дәрілік заттың сауда атауына белгіленген шекті баға сол препаратқа бекітілген көтерме шекті бағадан аспайды. Шекті баға дәрілік заттың шығару түрі, дозасы, концентрациясы, көлемі мен қаптамасы, сондай-ақ өлшем бірлігі ескеріле отырып есептеледі.
Полка с лекарствами в аптеке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Шетелге көшіп кеткен қазақстандықтарға дәрі-дәрмек рәсімделген – аудит нәтижесі
Жаңалықтар
0