https://sputnik.kz/20251007/2026-zhyldan-bastap-elektrondyq-densaulyq-pasporttary-iske-qosylady-57690257.html
2026 жылдан бастап электрондық денсаулық паспорты іске қосылады
2026 жылдан бастап электрондық денсаулық паспорты іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Медицина саласындағы цифрландыру дәрігерлерлік жүктемені 40-ке азайтқан 07.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-07T14:32+0500
2025-10-07T14:32+0500
2025-10-07T15:14+0500
үкімет отырысы
https://sputnik.kz/img/222/46/2224644_0:0:2960:1665_1920x0_80_0_0_b2abb49857f8a29914afc27fd0313f48.jpg
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Қазақстан медицинасы саласында жаңа цифрлық жүйелер белсенді енгізіліп жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды.Трансформацияның негізгі элементі осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған медициналық деректердің бірыңғай сақтау қоймасы болады. Оның негізінде 2026 жылы азаматтар өздерінің электрондық денсаулық паспорттарына толыққанды қол жеткізеді. Бірқатар медициналық ұйымда дәрігерлерге тексеру нәтижелерін жылдам талдауға көмектесетін жасанды интеллект көмекшілер жұмыс істей бастаған. Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде цифрландырудың айтарлықтай нәтижесі көріне бастаған. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы медицина қызметкерлеріне жүктемені 40%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Пациенттерді цифрлық сәйкестендіру кеңейтіліп, оның нәтижесінде 8 ай ішінде медициналық қызметтерді артық тұтыну көрсеткіші 6,7 млрд теңгеге төмендеген.
https://sputnik.kz/20251007/turmysy-tomen-azamattarga-qatysty-mams-zhuyesi-qayta-qaralady-57682920.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/222/46/2224644_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_41176acb1d9911bba4225f3d115012a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет отырысы
2026 жылдан бастап электрондық денсаулық паспорты іске қосылады
14:32 07.10.2025 (жаңартылды: 15:14 07.10.2025) Медицина саласындағы цифрландыру дәрігерлерлік жүктемені 40-ке азайтқан
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Қазақстан медицинасы саласында жаңа цифрлық жүйелер белсенді енгізіліп жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды.
Трансформацияның негізгі элементі осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған медициналық деректердің бірыңғай сақтау қоймасы болады. Оның негізінде 2026 жылы азаматтар өздерінің электрондық денсаулық паспорттарына толыққанды қол жеткізеді.
"Жасанды интеллект технологиялары қазірдің өзінде отандық клиникаларда инсульт, өкпе, сүт безі обыры және пневмонияны анықтау үшін КТ, МРТ және рентген суреттерін талдау кезінде белсенді қолданылады", - деді денсаулық сақтау министрлі Ақмарал Әлназарова.
Бірқатар медициналық ұйымда дәрігерлерге тексеру нәтижелерін жылдам талдауға көмектесетін жасанды интеллект көмекшілер жұмыс істей бастаған.
"Жасанды интеллект дәрігерді алмастырмайтынын, керісінше оның мүмкіндіктерін күшейтетінін, медицинаны барлық азаматтар үшін заманауи әрі қолжетімді ететінін атап өткен жөн" , — деді министр.
Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде цифрландырудың айтарлықтай нәтижесі көріне бастаған. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы медицина қызметкерлеріне жүктемені 40%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Пациенттерді цифрлық сәйкестендіру кеңейтіліп, оның нәтижесінде 8 ай ішінде медициналық қызметтерді артық тұтыну көрсеткіші 6,7 млрд теңгеге төмендеген.