Рудныйда суды заңсыз пайдаланған кәсіпорын 1,6 млн теңге айыппұл арқалады

© Photo : Предоставлено пресс-службой министерства водных ресурсов и ирригации КазахстанаРудныйда суды заңсыз пайдаланған кәсіпорын 1,6 млн теңге айыппұл арқалады
Рудныйда суды заңсыз пайдаланған кәсіпорын 1,6 млн теңге айыппұл арқалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Жазылу
Бұл - Тобыл–Торғай бассейн инспекциясы жыл басынан бері салған ең ірі айыппұл
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қостанай облысында заңсыз су алған кәсіпорынға ірі көлемде айыппұл салынды.
Судың "қара нарығына" қарсы іс-шаралар аясында Тобыл-Торғай бассейн инспекциясының мамандары арнайы су пайдалану рұқсаттарына талдау жасады.
Нәтижесінде Қостанай облысы Рудный қаласындағы бір кәсіпорынның ұңғымадан арнайы рұқсатсыз су алып келгені анықталды.
Кәсіпорынға заң бұзғаны үшін, яғни "Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу" бабы бойынша 1 671 100 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұл - Тобыл–Торғай бассейн инспекциясы жыл басынан бері салған ең ірі айыппұл.
"2025 жылы инспекция әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 141-бабын бұзған бес дерек тіркеді. Осы бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 2 339 540 теңге айыппұл салынды. Барлық заңбұзушыға арнайы су пайдалану рұқсатын алу жөнінде нұсқама беріліп, тиісті ұсыныстар жасалды", - делінген хабарламада.
Жаңа Су кодексіне енгізілген қадағалау өкілеттіктері бассейн инспекцияларына азаматтардың өтініштеріне, су заңнамасын бұзу туралы мәліметтерге және мониторинг нәтижелеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
"Егер инспекторлар оқиға орнына дереу барып, заңбұзушылық расталған жағдайда әкімшілік айыппұл сала алады. Бұл заңсыз су алуға және судың "қара нарығына" қарсы тиімді күрес жүргізуге жол ашады", – деді Тобыл-Торғай бассейн инспекциясының басшысы Алмат Абжанов.
Ақтаудағы Каспий жағалауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2025
Суды заңсыз пайдаланған кәсіпорындар 3,7 млн теңге айыппұл арқалады
Жаңалықтар
0