https://sputnik.kz/20250614/su-zansyz-paydalangan-kasiporyndar-37-mln-tenge-ayyppul-arqalady-54654790.html
Суды заңсыз пайдаланған кәсіпорындар 3,7 млн теңге айыппұл арқалады
Суды заңсыз пайдаланған кәсіпорындар 3,7 млн теңге айыппұл арқалады
Sputnik Қазақстан
Меншік иелерінде суды пайдалануға қажетті арнайы рұқсаттың жоқтығы анықталған 14.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-14T12:09+0500
2025-06-14T12:09+0500
2025-06-14T12:34+0500
айыппұл
министрлік
https://sputnik.kz/img/679/76/6797650_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_87be6d038ed55780559c72542e264ca7.jpg
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында бес кәсіпорынның суды заңсыз пайдаланғаны анықталды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Бұл заңсыздық Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімшесінің мамандары су қорын қорғау және пайдалану талаптарына қатысты облыстың бес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына жүргізген тексеру кезінде белгілі болды.Нәтижесінде өңірдің Қобда және Қарғалы аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе қаласының Ақжар-1, Қызылжар, Қарғалы, Жоғарғы Қарғалы, Өрлеу және Сазды тұрғын аудандарында жерасты суларын заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Екі кәсіпорынның су бұруға рұқсаты болмағаны анықталды.Бұған дейін министрлік Қызылорда облысында 6 шаруа қожалығы 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдаланғаны анықталғанын хабарлаған. Ал Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Шардара аудандық прокуратурасымен бірлесіп, Түркістан облысында тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтады.
https://sputnik.kz/20250613/ekologiyany-lastady-qazkhrom-854-mln-tenge-ayyppul-toledi-54633532.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/679/76/6797650_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_0ec247b216aa681eb5d62dcd4c0f4b8d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
айыппұл, министрлік
Суды заңсыз пайдаланған кәсіпорындар 3,7 млн теңге айыппұл арқалады
12:09 14.06.2025 (жаңартылды: 12:34 14.06.2025) Меншік иелерінде суды пайдалануға қажетті арнайы рұқсаттың жоқтығы анықталған
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында бес кәсіпорынның суды заңсыз пайдаланғаны анықталды, деп хабарлады
су ресурстары және ирригация министрлігі.
Бұл заңсыздық Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімшесінің мамандары су қорын қорғау және пайдалану талаптарына қатысты облыстың бес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына жүргізген тексеру кезінде белгілі болды.
Нәтижесінде өңірдің Қобда және Қарғалы аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе қаласының Ақжар-1, Қызылжар, Қарғалы, Жоғарғы Қарғалы, Өрлеу және Сазды тұрғын аудандарында жерасты суларын заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Екі кәсіпорынның су бұруға рұқсаты болмағаны анықталды.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-тармағына сәйкес, 5 коммуналдық шаруашылыққа су пайдалануға арнайы рұқсаттың жоқтығы үшін айыппұл салынды. Барлығы 3,7 млн теңге өндірілді", – деді Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Ерғали Үмбетбаев.
Бұған дейін министрлік Қызылорда облысында 6 шаруа қожалығы 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдаланғаны анықталғанын хабарлаған. Ал Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Шардара аудандық прокуратурасымен бірлесіп, Түркістан облысында тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтады.