Ернін үлкейтемін деген Ақтау тұрғыны сотқа жүгінуге мәжбүр болды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуИне салу
Ине салу - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Жазылу
Жәбірленуші E-өтініш платформасы арқылы ресми түрде шағым түсірген
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда тұтынушылардың құқықтары түрлі салада белсенді қорғалып жатқанын хабарлады.
Мысалы, Тараз қаласының тұрғыны анасының 80 жас мерейтойын тойлау үшін мейрамханаға алдын ала тапсырыс берген. Мәзір мен тағам мөлшері алдын ала келісілгенмен, мереке күні ұсынылған тағамдар келісілген мәзірге мүлде сәйкес келмеген.
"Ыстық тағамдар дәмсіз, еттің қамыры жабысып, ет мөлшері тым аз болған. Әр үстелге бір ғана апельсин мен мандарин қойылған. Уәде етілген сазан балығы орнына бір ғана скумбрия ұсынылып, танымал кондитерлік өнімдер белгісіз өндірушінің тәттілерімен ауыстырылған", - деп жазылған хабарламада.
Мейрамхананың иесіне 200 мың теңге көлемінде келтірілген залалды өтеу туралы ұсыныс жасалғанымен, ол қызметтің сапалы көрсетілгенін айтып, бас тартқан. Осыдан кейін тұтынушы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Екі күн ішінде кәсіпкер тұтынушыға 150 мың теңге қайтарып берді.
Ал Ақтау қаласында тұрғын ерін үлкейту процедурасын жасау үшін сұлулық салонына жүгінген. Процедура алдында ол маманға бала емізіп жүргенін, яғни бұл қызметті алуға медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілім бар екенін ескерткен.
Алайда косметолог бұл ескертуді елемей, инъекция жасаған. Нәтижесінде тұтынушыда ауырсыну, ерін аумағында көпіршіктер және жалпы жайсыздық пайда болған. Ведомство хабарлауныша, жәбірленуші E-өтініш платформасы арқылы ресми түрде шағым түсірген. Департаменттің араласуымен оған 80 мың теңге көлемінде төленген сома толық қайтарылды.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Жамбыл облысында 92 млн теңге еңбекақысын даулаған жұмысшы сотқа жүгінді
Жаңалықтар
0