Жасанды интеллект мұнай саласына қалай енгізіліп жатыр - премьер айтып берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевПремьер Казахстана Олжас Бектенов Астанадағы XVI KAZENERGY Еуразиялық форумында сөз сөйледі
Премьер Казахстана Олжас Бектенов Астанадағы XVI KAZENERGY Еуразиялық форумында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Жазылу
Бүгінде мұнай-газ саласында мұнай өнімдерінің қозғалысын қадағалайтын OIL Track платформасы жұмыс істейді
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллект мұнай саласына қалай енгізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жасанды интеллект жаңа барлау әдістерін, сондай-ақ, өндіру, тасымалдау және өңдеу үдерістен оңтайландыруға мүмкіндік береді.

"Бүгінде мұнай-газ саласында мұнай өнімдерінің қозғалысын қадағалайтын OIL Track платформасы, жер қойнауын пайдалануды автоматтандыруға арналған цифрлық келісімшарт жүйесі жұмыс істейді. Ал мұнай мен мұнай өнімдерін цифрлық бөлу жүйесі бақылау мен ашықтықты қамтамасыз етеді", - деді Бектенов KAZENERGY-2025 форумында.

Оның айтуынша, цифрлық технологиялар қолданыстағы кен орындарының ғана емес, шағын және орта кен орындарының әлеуетін де жол ашуға мүмкіндік береді. Ал арнайы құрылған жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі инновация саласындағы стратегиялық бағытты айқындап, цифрлық шешімдерді жедел енгізуді қамтамасыз етеді.
"Энергияға деген сұраныстың артуы бізден қуат көздерінің ауқымды көлемін өндіруді талап етеді. Осыған байланысты сирек жер металдары мен уран кенінің маңызы арта түседі. Бұл ретте Қазақстан әлем елдеріне сенімді серіктес болуға дайын", - деді премьер.
Премьер Казахстана Олжас Бектенов Астанадағы XVI KAZENERGY Еуразиялық форумында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Бектенов Қазақстанды Орталық Азияда алға шығаратын тағы бір саланы атады
Жаңалықтар
0