Бектенов Қазақстанды Орталық Азияда алға шығаратын тағы бір саланы атады

© Sputnik / Санат ИмангалиевПремьер Казахстана Олжас Бектенов Астанадағы XVI KAZENERGY Еуразиялық форумында сөз сөйледі
Премьер Казахстана Олжас Бектенов Астанадағы XVI KAZENERGY Еуразиялық форумында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Жазылу
Бүгінде елімізде жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін жоба жүзеге асырылып жатыр
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанды Орталық Азияда алға шығаратын тағы бір саланы атады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстанның мұнай-газ секторы экспорттық шикізат үлгісінен кешенді өңдеу жүйесіне бет бұрған жоғары технологиялық кластерге айналды.

"Мұнай-газ химиясында жалпы қуаты 500 мың тонна болатын полипропилен зауыты іске қосылды. Сондай-ақ, жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін жоба жүзеге асырылып жатыр. Ол Қазақстанды Орталық Азиядағы ең ірі полимер өндіруші елге айналдырады", - деді Бектенов KAZENERGY-2025 форумында.

Бұдан бөлек, бутадиен мен карбамид өндіру жобалары қолға алынды. 2030 жылға дейін жалпы құны 15 млрд АҚШ долларынан асатын 6 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
"Бұл мұнай-газ химиясы өндірісінің көлемін ұлғайтып, ондаған мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", - деді Бектенов.
Олжас Бектенов Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2025
Жақында халықаралық жасанды интеллект орталығын ашамыз – Бектенов
Жаңалықтар
0