Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинаға салық төлеушілер есебінен көмек көрсетуге қарсылық білдірді

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Жазылу
Дональд Трамп мәлімдегендей, АҚШ пен Еуроодақ Киевке америкалық қару-жарақ жіберуге келісті, бұл ретте барлық шығын Еуропаның мойнында болады
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ салық төлеушілерінің қаражатын Украинаға көмектесу үшін пайдалануға әлі де қарсы, деп хабарлайды РИА Новости Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасап.
"Президент АҚШ салық төлеушілерінің қаражатын Украинаға көмектесу үшін пайдалануға әлі де қарсы болып, НАТО одақтастарының Вашингтоннан қару сатып алып, оны кейіннен Киевке жеткізуін құптайды", - деп жазады басылым.
НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте альянс елдері Prioritized Ukraine Requirements List бастамасы аясында бірнеше апта ішінде АҚШ-тан Украина үшін 2 миллиард долларға қару-жарақ сатып алғанын хабарлады.
Дональд Трамп мәлімдегендей, АҚШ пен Еуроодақ Киевке америкалық қару-жарақ жіберуге келісті, бұл ретте барлық шығын Еуропаның мойнында болады. Жабдықтардың ішінде тек зымырандар емес, Patriot батареялары да болады.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп НАТО атынан Киевке Tomahawk зымырандарын беруден бас тартты – БАҚ
Жаңалықтар
0