https://sputnik.kz/20250927/tramp-nato-atynan-kievke-tomahawk-zymyrandaryn-beruden-bas-tartty--baq-57414520.html
Трамп НАТО атынан Киевке Tomahawk зымырандарын беруден бас тартты – БАҚ
Трамп НАТО атынан Киевке Tomahawk зымырандарын беруден бас тартты – БАҚ
Sputnik Қазақстан
Tomahawk-тың ұшу қашықтығы 1600 километрге дейін жетеді 27.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-27T14:00+0500
2025-09-27T14:00+0500
2025-09-27T14:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/08/10/56398339_0:0:3135:1763_1920x0_80_0_0_7091447963e4e1a0a349cb7cc28ff97d.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО елдері атынан Украинаға Tomahawk қанатты зымырандарын беруден бас тартты, деп хабарлайды Axios ақпарат көзіне сілтеме жасап.Басылымның жазуынша, бұл Киевтің өтінішіндегі Трамп қабылдамаған жалғыз тармақ, басқа позицияларға қолдау білдірген.Tomahawk-тың ұшу қашықтығы 1600 километрге дейін жетеді, бұл Ресей аумағындағы, соның ішінде Мәскеудегі нысанаға жетуге мүмкіндік береді.Жұма күні Telegraph басылымы Владимир Зеленскийдің Америка президентімен жабық кездесуде зымырандарды сұрағанын хабарлады.Америка Құрама Штаттары бұған дейін жағдайдың шиеленісуінен қорқып, өз арсеналының шектеулі екенін ескере отырып, мұндай жүйелерді жеткізуді шектеген болатын.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/10/56398339_404:0:3135:2048_1920x0_80_0_0_f3220ca3fa0f095e96fab8c6fba9db8d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Трамп НАТО атынан Киевке Tomahawk зымырандарын беруден бас тартты – БАҚ
Tomahawk-тың ұшу қашықтығы 1600 километрге дейін жетеді
АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО елдері атынан Украинаға Tomahawk қанатты зымырандарын беруден бас тартты, деп хабарлайды Axios ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, бұл Киевтің өтінішіндегі Трамп қабылдамаған жалғыз тармақ, басқа позицияларға қолдау білдірген.
Tomahawk-тың ұшу қашықтығы 1600 километрге дейін жетеді, бұл Ресей аумағындағы, соның ішінде Мәскеудегі нысанаға жетуге мүмкіндік береді.
Жұма күні Telegraph басылымы Владимир Зеленскийдің Америка президентімен жабық кездесуде зымырандарды сұрағанын хабарлады.
Америка Құрама Штаттары бұған дейін жағдайдың шиеленісуінен қорқып, өз арсеналының шектеулі екенін ескере отырып, мұндай жүйелерді жеткізуді шектеген болатын.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.