Нұрғиса Тілендиевтің туған ауылында композитордың 100 жылдығына арнап ескерткіш ашылды

© Пресс-служба министерства культуры и информации КазахстанаНұрғиса Тілендиевтің туған ауылында композитордың 100 жылдығына арнап ескерткіш ашылды
Нұрғиса Тілендиевтің туған ауылында композитордың 100 жылдығына арнап ескерткіш ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Жазылу
Сондай-ақ ауылда жаңа мәдениет үйі ашылды
АСТАНА, 3 қазан-Sputnik. Белгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Алматы облысының Өтеген батыр ауылында ескерткіш орнатылып, жаңа мәдениет үйі ашылды, деп хабарлады мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған құттықтауын оқыды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында ескерткіштің ашылуы ерекше құрмет пен халықтың ұлы тұлғаға деген шынайы ризашылығының символы екенін атап өтті", - делінген хабарламада.
Министр композитордың 100 жылдығын бүкіл әлем – Мәскеуден Бейжіңге дейін атап өтіп жатқанын еске салды.
Мүсіннің авторы белгілі шеберлер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов болды.
Биіктігі 2,85 м ескерткіш қоладан құйылған, тұғыры – 1,5 м, құрылымның жалпы ұзындығы - 4,35 м. Негізі граниттен жасалған.
Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды
Жаңалықтар
0