https://sputnik.kz/20250616/parizhde-nurgisa-tilendievke-arnalgan-korme-ashyldy-54722399.html
Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды
Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды
Sputnik Қазақстан
Көрме ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде осы жылдың 19 маусымына дейін жалғасады 16.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-16T16:31+0500
2025-06-16T16:31+0500
2025-06-16T16:31+0500
нұрғиса тілендиев
париж
көрме
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54722544_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_8d6922e3631fdc3ad0d1543672d51c53.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған "Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы" атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.Халық қаһарманы, дирижер, аса көрнекті өнер иесінің ғасырлық мерейтойы – тек қазақ халқы үшін ғана емес, барша өркениетті әлем үшін елеулі оқиға. Бұл маңызды дата ЮНЕСКО тарапынан халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар қатарына енгізілді.Айта кетейік, кезінде бала Нұрғисаның музыкалық білім алуына Ахмет Жұбанов себепкер болған еді. Алты тақырыптық бөлімнен тұратын көрме композитор шығармашылығының сан қырын аша түсіп, қазақ музыкасының терең тамыры мен өрісі кең болмысын бейнелейді.Көрменің ашылу салтанатына ЮНЕСКО-ға мүше елдердің елшілері, дипломаттар, халықаралық ұйым өкілдері, Франция жұртшылығы мен сонда тұратын қазақ диаспорасы қатысты.Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов бұл көрме – қазақ музыкасының алтын арқауы болған тұлғаның мұрасына көрсетілген зор құрмет, түркі дүниесінің ортақ рухани кеңістігін жаһандық деңгейде танытудың жарқын көрінісі екенін атап өтті.Көрмені Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Музейлер бірлестігі ұйымдастырды. Жобаның жүзеге асуына Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры атсалысты.Жоба "Отырар сазы" оркестрінің негізін қалаған көрнекті тұлғаның шығармашылығын насихаттауға, қазақтың бай музыкалық мұрасын шетел жұртшылығына кеңінен танытуға бағытталған.Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, Құрманғазы атындағы халық аспаптар академиялық оркестрінің бас дирижері қызметін атқарған, кейін өзі негізін қалаған "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі болды.Көрме ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде осы жылдың 19 маусымына дейін жалғасады.
париж
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54722544_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_2079781be571c80fffc73a2b403c8bba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нұрғиса тілендиев, париж, көрме
нұрғиса тілендиев, париж, көрме
Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды
Көрме ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде осы жылдың 19 маусымына дейін жалғасады
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған "Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы" атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Халық қаһарманы, дирижер, аса көрнекті өнер иесінің ғасырлық мерейтойы – тек қазақ халқы үшін ғана емес, барша өркениетті әлем үшін елеулі оқиға. Бұл маңызды дата ЮНЕСКО тарапынан халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар қатарына енгізілді.
"Аталмыш көрмеде Алматы қаласындағы Музейлер бірлестігінің қорынан алынған 70-ке жуық құнды жәдігер қойылған. Олардың қатарында композитордың өз қолымен жазған партитуралары, сирек фотосуреттері, жеке заттары, сондай-ақ Ахмет Жұбанов сыйға тартқан "Дариға домбыра" да бар", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кезінде бала Нұрғисаның музыкалық білім алуына Ахмет Жұбанов себепкер болған еді. Алты тақырыптық бөлімнен тұратын көрме композитор шығармашылығының сан қырын аша түсіп, қазақ музыкасының терең тамыры мен өрісі кең болмысын бейнелейді.
Көрменің ашылу салтанатына ЮНЕСКО-ға мүше елдердің елшілері, дипломаттар, халықаралық ұйым өкілдері, Франция жұртшылығы мен сонда тұратын қазақ диаспорасы қатысты.
Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов бұл көрме – қазақ музыкасының алтын арқауы болған тұлғаның мұрасына көрсетілген зор құрмет, түркі дүниесінің ортақ рухани кеңістігін жаһандық деңгейде танытудың жарқын көрінісі екенін атап өтті.
Көрмені Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Музейлер бірлестігі ұйымдастырды. Жобаның жүзеге асуына Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры атсалысты.
Жоба "Отырар сазы" оркестрінің негізін қалаған көрнекті тұлғаның шығармашылығын насихаттауға, қазақтың бай музыкалық мұрасын шетел жұртшылығына кеңінен танытуға бағытталған.
"Нұрғиса Тілендиевтің еңбектері біртұтас ұлттың мәдени мұрасына айналды. Ол 500-ден астам музыкалық туындыны дүниеге әкелген, 50-ден аса драмалық қойылым мен 20-ға жуық кинофильмге музыка жазған", - делінген хабарламада.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, Құрманғазы атындағы халық аспаптар академиялық оркестрінің бас дирижері қызметін атқарған, кейін өзі негізін қалаған "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі болды.
Көрме ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде осы жылдың 19 маусымына дейін жалғасады.