https://sputnik.kz/20251002/toqaev-mazharstan-prezidenti-tamash-shuyokpen-kelissoz-zhurgizdi--57563077.html
Тоқаев Мажарстан президентімен келіссөз жүргізді
Тоқаев Мажарстан президентімен келіссөз жүргізді
Sputnik Қазақстан
Бұл Мажарстан басшысының Астанаға келген алғашқы ресми сапары 02.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-02T17:26+0500
2025-10-02T17:26+0500
2025-10-02T18:25+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/02/57558945_0:77:1280:797_1920x0_80_0_0_d6891d310fa8c47f16634f50f88f8475.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан президентімен кездесті. Тоқаев Тамаш Шуйоктың Астанаға келген алғашқы ресми сапары - ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан маңызды оқиға екенін атап өтті.Тамаш Шуйок қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, елдеріміздің арасында сенімге, өзара құрмет пен тарихи байланысқа негізделген белсенді диалог орнағанын атап өтті."Халықтарымыздың достығы ғасырлар қойнауынан тамыр тартады. Қазір де саяси қарым-қатынасымыз өте жоғары деңгейге жетті деп ойлаймын, экономикалық байланыстарымыз да қарқынды дамып келеді. Қос мемлекет арасындағы ықпалдастықтың болашағы зор. Біз көптеген жобалар мен бастамаларды бірлесе іске асыруды жоспарлап отырмыз, – деді Мажарстан президенті. Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Мажарстанның мәдени және білім беру салаларындағы байланысын нығайтудың маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық перспективасын қарастырды.
https://sputnik.kz/20250520/mazharstan-qazaqstan-ekonomikasyna-370-mln-dollar-investitsiya-quydy-53726724.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/02/57558945_58:0:1222:873_1920x0_80_0_0_c415a857749b764df9a33471e6725210.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Мажарстан президентімен келіссөз жүргізді
17:26 02.10.2025 (жаңартылды: 18:25 02.10.2025) Бұл Мажарстан басшысының Астанаға келген алғашқы ресми сапары
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан президентімен кездесті.
Тоқаев Тамаш Шуйоктың Астанаға келген алғашқы ресми сапары - ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан маңызды оқиға екенін атап өтті.
"Мажарстан – біздің егемендігімізді алғаш мойындаған еуропалық мемлекеттердің бірі. Ал Будапешт – ресми дипломатиялық миссиямызды қабылдаған бірінші еуропалық қала. Сондықтан сіздің еліңізбен көптеген саладағы тығыз ықпалдастықты қолдаймыз. Екі елдің мүддесіне сай келетін бұл үрдіс жалғасын табатынына сенімдімін. Сол себепті біз саяси, экономикалық байланыстарымызды одан әрі кеңейтуге барынша күш саламыз, – деді Тоқаев.
Тамаш Шуйок қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, елдеріміздің арасында сенімге, өзара құрмет пен тарихи байланысқа негізделген белсенді диалог орнағанын атап өтті.
"Халықтарымыздың достығы ғасырлар қойнауынан тамыр тартады. Қазір де саяси қарым-қатынасымыз өте жоғары деңгейге жетті деп ойлаймын, экономикалық байланыстарымыз да қарқынды дамып келеді. Қос мемлекет арасындағы ықпалдастықтың болашағы зор. Біз көптеген жобалар мен бастамаларды бірлесе іске асыруды жоспарлап отырмыз, – деді Мажарстан президенті.
Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Мажарстанның мәдени және білім беру салаларындағы байланысын нығайтудың маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық перспективасын қарастырды.