Мажарстан Қазақстан экономикасына 370 млн доллар инвестиция құйды

© АкордаКасым-Жомарт Токаев провел переговоры с Виктором Орбаном
Касым-Жомарт Токаев провел переговоры с Виктором Орбаном - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
Қазір екі ел 16 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.
Мажарстан 370 миллион доллар инвестиция құйды
Президент екіжақты байланыстың басым бағыты ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты атады. Былтыр өзара сауда-саттықтың көлемі 200 миллион долларға жетті, осы жылдың алғашқы тоқсанында тауар айналымы 37 пайызға өсті.
"Қазақстан экономикасына құйылған мажар инвестициясы 370 миллион доллардан асты. Қазір екі ел машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында 16 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың құны 700 миллион долларға жуықтайды", - деп жазылған хабарламада.
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ертеңгі бейресми саммитінің маңызына тоқталып, еліміз ТМҰ қызметінің барлық басым бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға бейіл екенін растады.
© АкордаМемлекет басшысы Мажарстан премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Переговоры Касым-Жомарта Токаева и Виктора Орбана в Будапеште - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Ал Виктор Орбан сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақ-мажар қатынастарының орнықты әрі қарқынды сипат алғанына назар аударды.
"Мажарстан премьер-министрі соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастық, әсіресе, экономика саласында белсенді дамып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар саммитті ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Кездесуде былтыр жоғары деңгейде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың, соның ішінде энергетика, сауда және инвестиция салаларындағы бірлескен жобалардың орындалу барысы талқыланды. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Будапешт - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Тоқаев Будапештке не үшін барды
Жаңалықтар
0