https://sputnik.kz/20251002/eks-bankir-zhomart-ertaev-bostandyqqa-shyqty-sot-sheshimdi-qayta-ozgertti-57547194.html
Бостандыққа шықпайды: сот экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты шешімді өзгертті
Бостандыққа шықпайды: сот экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты шешімді өзгертті
Sputnik Қазақстан
Ертаевқа жаза мерзімі қай үкімнен бастап есептелетіні көрсетілмеген 02.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-02T12:10+0500
2025-10-02T12:10+0500
2025-10-02T12:23+0500
алматы
сот
банкир
https://sputnik.kz/img/old/718/64/7186429_0:0:1417:798_1920x0_80_0_0_5d08a2014e5d36958ba75d30cef01de0.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Алматы облыстық соты Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша материалды апелляциялық тәртіпте қарады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.Бұған дейін Алатау қаласы сотының қаулысымен Ертаевтың өтініші қанағаттандырылып, ол рақымшылыққы ілінген болатын. Соған сәйкес оның 11 ай 16 күн өтелмеген жаза мерзіміне рақымшылық қолданылып, экс-банкир бостандыққа шықты.Алайда сот алқасы материалды зерделей келе, Ертаев екі үкіммен, анығырақ айтқанда, 2020 жылдың 16 қарашасындағы және 2021 жылдың 3 наурызындағы үкіммен сотталғанын анықтады.Осылайша 2021 жылдың 25 маусымында сот қаулысымен бұл үкімдер жиынтығымен түпкілікті жаза мерзімі белгіленген.Белгілі болғандай, аталған қаулыда бірінші үкім бойынша өтелген жазаны есептеу мәселесі қарастырылмаған. Сонымен қатар, Ертаевқа жаза мерзімі қай үкімнен бастап есептелетіні көрсетілмеген. Еске салайық, осы жылдың 3 қыркүйегінде Bank RBK-ның экс-басшысы Жомарт Ертаев бостандыққа шыққаны белгілі болды. Ертаев RBK банкінен 144 миллиард теңге жымқырды деп айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған.
https://sputnik.kz/20201117/Ertaev-Ibragim-sot-15494074.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/718/64/7186429_150:0:1410:945_1920x0_80_0_0_d3e460d56bd1c24e873b9bd37ef2e454.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, сот, банкир
Бостандыққа шықпайды: сот экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты шешімді өзгертті
12:10 02.10.2025 (жаңартылды: 12:23 02.10.2025) Ертаевқа жаза мерзімі қай үкімнен бастап есептелетіні көрсетілмеген
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Алматы облыстық соты Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша материалды апелляциялық тәртіпте қарады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алатау қаласы сотының қаулысымен Ертаевтың өтініші қанағаттандырылып, ол рақымшылыққы ілінген болатын. Соған сәйкес оның 11 ай 16 күн өтелмеген жаза мерзіміне рақымшылық қолданылып, экс-банкир бостандыққа шықты.
Алайда сот алқасы материалды зерделей келе, Ертаев екі үкіммен, анығырақ айтқанда, 2020 жылдың 16 қарашасындағы және 2021 жылдың 3 наурызындағы үкіммен сотталғанын анықтады.
Осылайша 2021 жылдың 25 маусымында сот қаулысымен бұл үкімдер жиынтығымен түпкілікті жаза мерзімі белгіленген.
Белгілі болғандай, аталған қаулыда бірінші үкім бойынша өтелген жазаны есептеу мәселесі қарастырылмаған. Сонымен қатар, Ертаевқа жаза мерзімі қай үкімнен бастап есептелетіні көрсетілмеген.
"Алатау қаласы сотының қаулысымен №14 мекеменің анықтамасы арасында өтелмеген жаза мерзімі бойынша сәйкессіздіктер бар. Сонымен қатар, мекеме анықтамасына басшы қол қоймаған. Жоғарыда аталған мән-жайларға байланысты сотталған Ертаевқа рақымшылық актісін қолдану туралы сот қаулысының күшін жойды, оның өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, осы жылдың 3 қыркүйегінде Bank RBK-ның экс-басшысы Жомарт Ертаев бостандыққа шыққаны белгілі болды. Ертаев RBK банкінен 144 миллиард теңге жымқырды деп айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған.