Қоғам

Жеке ұшақ, қымбат көлік, бірнеше коттедж: Ертаев пен Ибрагимнің мүлкі тәркіленді

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Арызданушылардың шығынын бөліп өтеу бойынша 59 миллиард теңге өндіріліп алынғаны айтылып отыр

АЛМАТЫ, 17 қараша — Sputnik. Алматы соты бұрынғы банкирлер Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагимнен жәбірленушілер пайдасына 59 миллиард теңге өндіріп алды. Олар RBK Bank-тен 144 миллиард теңге ұрлаған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Судья Роман Селицкий үкімде Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагим жәбірленушілерге қайтаруы тиіс соманы атады. 

Арызданушылардың шығынын бөліп өтеу бойынша 59 миллиард теңге өндіріліп алынғаны айтылып отыр. Өтеу сомасына мыналар енді:

  • 510 миллион теңге сомасындағы ақша мен акциялар;
  • 530 миллион теңге сомасындағы түрлі мүлік;
  • 13 199 517 598 теңге сомасындағы "Alma Telecommunication Kazakhstan" АҚ акциялары;
  • 3,4 миллиард теңге шамасындағы ұшақ;
  • Мәскеудегі пәтер;
  • Mercedes Maybach, Range Rover және т.б. бизнес-класс көліктері; 
  • курорттық аймақтағы әрқайсысы 180 шаршы метр болатын екі коттедж;
  • аумағы 2 458 шаршы метр үшқабатты әкімшілік ғимарат; 
  • 0,69 гектар жер учаскесі бар аумағы 693,3 шаршы метр өнеркәсіптік база; 
  • жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден астам бірнеше жер учаскесі.

Сондай-ақ сот өзге сотталушылардан да шығын сомасын өтеу туралы арызды қанағаттандырды. Олар арасында жалпы сомасы 4,5 миллиард теңгеден астам шығын сомасын өз еркімен өтеу туралы меморандум жасалған болатын.

Зардап шеккендерге 1 158 853 746 теңге ақшалай, көлік, үй және пәтер түрінде қайтарылды. Mercedes, Lexus, Audi және т.б. көліктер, машина тұрақ орны, қымбат кешендердегі пәтерлер, алтын монеталар, 600 мың доллар тұратын брендтік сағаттар мен есепшоттардағы 2,3 миллион доллардан астам қаражат тәркіленді.

Шығынның жалпы сомасы 54,3 миллиард теңге (126,2 миллион доллар) шамасында.

Жомарт Ертаевқа қатысты сот үкімі шықты

Еске сала кетсек, 16 қарашада экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сот бір жылға жуық уақытқа созылды.

Бұрынғы банкирден басқа, іс бойынша тағы 36 адам айыпталды. Үш адам зардап шегуші ретінде қатысты.

Экс-банкирге қатысты сот 2019 жылдың 12 желтоқсанынан бері жалғасып келеді.

Ертаев Жомарттың мүлкі тәркіленіп, 10 жыл бойы белгілі бір лауазымды атқару және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Бақыт Ибрагим 8 жылға сотталып, мүлкі тәркіленетін болды. 10 жыл бойы банк және қаржы саласында қызмет ете алмайды.

Жомарт Ертаев ісі

Жомарт  Ертаев 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласып, қызметтік жағдайын пайдалана отырып "BANK RBK" АҚ-ның 144 миллиард теңгесін жымқыруды ұйымдастырған.

2014 жылы Ертаев Ресейге тұрақты тұру үшін көшіп кетті. "Банк RBK" қаржылық қиындыққа ұшыраған кезде басшылық Жомарт Ертаевтан кредит қаржысын не ақшалай, не "Алма-ТВ" акцияларымен қайтаруды талап етті, банкир одан бас тартты.

Экс-банкирдің босқын мәртебесін 2018 жылдың 15 қарашасында Ресейдің бас прокуратурасы алып тастады. 2019 жылдың қаңтар айында Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау жөніндегі шешім қабылданды. Бұрынғы банкир 2019 наурыз айында елге қайтарылып, қамауға алынды.

Жаңалықтар
0