Тоқаев жасанды интеллект саласына маманданған зерттеу университетін ашуды тапсырды

© Photo : АкордаМемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Жазылу
Бұл жұмысқа әлемдік үздік оқу орындарын серіктес ретінде тарту қажет
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын ашып, бұл жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті.
Президент жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін еске салды. Цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект егемен ел болудың кепіліне, экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналды.
© Photo : АкордаМемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді
Токаев провел первое заседание Совета по развитию искусственного интеллекта - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді

"Жалпы, елімізде осы бағытта біраз жұмыс істелді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтің 92 пайыздан астамы онлайн форматта ұсынылады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, біз қазір түбегейлі өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жасанды интеллект бүгінде экономиканың, мемлекеттік басқару жүйесінің, ғылымның, ең бастысы, білім беру саласының келешегін айқындап отыр.
"Басты мақсат – Қазақстанды озық, өркениетті елге айналдыру. Көптеген жетекші елдер жасанды интеллектіні XXI ғасырдың стратегиялық ресурсы ретінде мойындады және оны дамытуға қомақты қаржы бөліп отыр",– деген президент мысал ретінде Қытай мен АҚШ-тың осы бағыттағы жұмыстарын айтты.
© Photo : АкордаМемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді
Совместное фото Токаева с членами Совета по развитию искусственного интеллекта - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді
Осы орайда мемлекет басшысы жасанды интеллект саласына маманданған зерттеу университетін ашуды тапсырды.

"Оқу орнына арнайы мәртебе берген жөн. Сондай-ақ бұл жұмысқа әлемдік үздік оқу орындарын серіктес ретінде тарту қажет. Үкімет жыл соңына дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныс беруге тиіс", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы басты мақсат экономиканың барлық саласына жасанды интеллект технологиясын енгізетін білікті мамандарды даярлау екенін айтты. Зерттеу университеті ғылым-білім, инновация және халықаралық байланыс орталығы ретінде жұмыс істеуі керек.
Касым-Жомарт Токаев принял государственного министра по делам обороны ОАЭ Мухаммеда бен Мубарака Фаделя Аль-Мазруи - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2025
Саясат
Тоқаев БАӘ қорғаныс министрімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Жаңалықтар
0