https://sputnik.kz/20250930/toqaev-baa-qorganys-ministrimen-qauipsizdik-salasyndagy-yntymaqtastyqty-talqylady-57498111.html
Тоқаев БАӘ қорғаныс министрімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Тоқаев БАӘ қорғаныс министрімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ қорғаныс министрін ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады 30.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-30T16:22+0500
2025-09-30T16:22+0500
2025-09-30T16:22+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1e/57497279_0:70:1281:790_1920x0_80_0_0_bfbf22c0d4637ac9e1086b4c430a572b.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.Президент Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.Қорғаныс министрі мемлекет басшысына БАӘ президенті Мұхамед бен Заид Әл Нахаянның және премьер-министр, Дубай әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның ізгі сәлемін жеткізді. Сондай-ақ бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
https://sputnik.kz/20250930/qazaqstan-tramptyn-gaza-sektoryndagy-qaqtygysty-toqtatu-zhosparyn-quptaydy---toqaev-57489963.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1e/57497279_67:0:1212:859_1920x0_80_0_0_d1f431f7bccafd9d6f26590d2608d099.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев БАӘ қорғаныс министрімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ қорғаныс министрін ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
"Мемлекет басшысы Әмірліктердің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталды, сондай-ақ озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды", - деп жвзылған хабарламада.
Президент Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.
Қорғаныс министрі мемлекет басшысына БАӘ президенті Мұхамед бен Заид Әл Нахаянның және премьер-министр, Дубай әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның ізгі сәлемін жеткізді. Сондай-ақ бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.