https://sputnik.kz/20250930/qazaqstan-tramptyn-gaza-sektoryndagy-qaqtygysty-toqtatu-zhosparyn-quptaydy---toqaev-57489963.html
Қазақстан Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жоспарын қолдайды - Тоқаев
Қазақстан Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жоспарын қолдайды - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі 20 тармақтан тұратын жоспарын жариялаған болатын 30.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-30T12:54+0500
2025-09-30T12:54+0500
2025-09-30T12:58+0500
қазақстан
ақш
https://sputnik.kz/img/260/72/2607220_0:0:4178:2350_1920x0_80_0_0_edc3426bc227136eb89a4a902a22752a.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.Бұған дейін Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі 20 тармақтан тұратын жоспарын жариялаған болатын.Құжат палестиналық ХАМАС қозғалысы мен "басқа топтар" Газаны басқаруға тікелей немесе жанама түрде қатыспауға келісулері керектігін қарастырады.Сонымен қатар АҚШ Газа секторында шұғыл орналастыру үшін уақытша халықаралық тұрақтандыру күштерін құру бойынша араб және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық орнатады.Құжатта арнайы экономикалық аймақ құру да қарастырылған, онда қатысушы елдерге жеңілдікті шарттар қолданылады.
https://sputnik.kz/20250817/ortaq-til-tabysuga-komektesedi-toqaev-putin-men-tramp-kezdesui-zhayynda-56410394.html
қазақстан
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/260/72/2607220_302:0:3846:2658_1920x0_80_0_0_01ad605510ec4286aa6b9750c9a71b51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ақш
Қазақстан Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жоспарын қолдайды - Тоқаев
12:54 30.09.2025 (жаңартылды: 12:58 30.09.2025) Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі 20 тармақтан тұратын жоспарын жариялаған болатын
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі 20 тармақтан тұратын жоспарын жариялаған болатын.
Құжат палестиналық ХАМАС қозғалысы мен "басқа топтар" Газаны басқаруға тікелей немесе жанама түрде қатыспауға келісулері керектігін қарастырады.
Сонымен қатар АҚШ Газа секторында шұғыл орналастыру үшін уақытша халықаралық тұрақтандыру күштерін құру бойынша араб және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық орнатады.
Құжатта арнайы экономикалық аймақ құру да қарастырылған, онда қатысушы елдерге жеңілдікті шарттар қолданылады.