https://sputnik.kz/20250930/alatau-sitide-formula-1-zharys-trassasy-bolady-57488767.html
Алатау Ситиде "Формула-1" жарыс трассасы болады
Алатау Ситиде "Формула-1" жарыс трассасы болады
Sputnik Қазақстан
Green District Қапшағай су қоймасымен, Қаскелең өзенімен және Қонаев қаласымен шектеседі 30.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-30T11:56+0500
2025-09-30T11:56+0500
2025-09-30T11:57+0500
цифрландыру
үкімет
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1e/57487838_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_baca51c0cfda1b04c114f54439958e5a.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысындағы Alatau City-де "Формула-1" жарыс трассасы болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Primeminister.kz порталына сілтеме жасап.Alatau City-де төрт негізгі аймақ – Gate, Golden, Growing және Green аудандары болады.Мәселен, Gate District Өтеген батыр, Покровка, Қоянқұс, Ынтымақ және Жаңалық елді мекендерінің арасында орналасқан. Мұнда PepsiCo, Caspian Group, Алматы желдеткіш зауыты сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Ал ауданның басты орталығы – Iconic Building-1 Халықаралық бизнес дамыту орталығы болады.Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бұл ғимараттың құрылысын жылдамдатуды тапсырды. Оның айтуынша, халықаралық орталық Alatau City жобасының ресми бастамасының символына айналады.Golden District Кіші Алматы және Қаскелең өзендерінің арасындағы тасжол бойында орналасады. Бұл аймақ ғылым, білім және медицина орталығы ретінде дамытылады. Мұнда K-Park мәдени-бизнес кешені, халықаралық білім беру орталығы, заманауи академқалашық, көпсалалы медициналық кластер бой көтереді. Сонымен қатар Hyundai Green Food Almaty және Mars сияқты әлемдік компаниялардың жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.Growing District Алматы – Қапшағай автожолы бойында және Жетіген – Қазыбек теміржол желісінің маңында орналасады. Бұл аймақ экспортқа бағытталған өндірістік және логистикалық орталық ретінде бой көтереді. Себебі көлік дәліздерінің тоғысында және әуежайға жақын болады.Ал Green District Қапшағай су қоймасымен, Қаскелең өзенімен және Қонаев қаласымен шектеседі. Мұнда курорттық аймақтар мен саябақтар салынып, болашақта Формула-1 жарыс тасжолы, Iconic Building-2 туристік орталығы бой көтереді. Бұл аймақ Алматы агломерациясының басты туристік және демалыс орталығына айналады.
https://sputnik.kz/20250926/alatau-qalasy-arnauly-martebege-ie-boldy-57391749.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1e/57487838_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_3b67786bde9523951565427af74f555f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
цифрландыру, үкімет, алматы
цифрландыру, үкімет, алматы
Алатау Ситиде "Формула-1" жарыс трассасы болады
11:56 30.09.2025 (жаңартылды: 11:57 30.09.2025) Green District Қапшағай су қоймасымен, Қаскелең өзенімен және Қонаев қаласымен шектеседі
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысындағы Alatau City-де "Формула-1" жарыс трассасы болады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Primeminister.kz порталына сілтеме жасап.
Alatau City-де төрт негізгі аймақ – Gate, Golden, Growing және Green аудандары болады.
Мәселен, Gate District Өтеген батыр, Покровка, Қоянқұс, Ынтымақ және Жаңалық елді мекендерінің арасында орналасқан. Мұнда PepsiCo, Caspian Group, Алматы желдеткіш зауыты сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Ал ауданның басты орталығы – Iconic Building-1 Халықаралық бизнес дамыту орталығы болады.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бұл ғимараттың құрылысын жылдамдатуды тапсырды. Оның айтуынша, халықаралық орталық Alatau City жобасының ресми бастамасының символына айналады.
Golden District Кіші Алматы және Қаскелең өзендерінің арасындағы тасжол бойында орналасады. Бұл аймақ ғылым, білім және медицина орталығы ретінде дамытылады. Мұнда K-Park мәдени-бизнес кешені, халықаралық білім беру орталығы, заманауи академқалашық, көпсалалы медициналық кластер бой көтереді. Сонымен қатар Hyundai Green Food Almaty және Mars сияқты әлемдік компаниялардың жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.
Growing District Алматы – Қапшағай автожолы бойында және Жетіген – Қазыбек теміржол желісінің маңында орналасады. Бұл аймақ экспортқа бағытталған өндірістік және логистикалық орталық ретінде бой көтереді. Себебі көлік дәліздерінің тоғысында және әуежайға жақын болады.
Ал Green District Қапшағай су қоймасымен, Қаскелең өзенімен және Қонаев қаласымен шектеседі. Мұнда курорттық аймақтар мен саябақтар салынып, болашақта Формула-1 жарыс тасжолы, Iconic Building-2 туристік орталығы бой көтереді. Бұл аймақ Алматы агломерациясының басты туристік және демалыс орталығына айналады.