https://sputnik.kz/20250926/alatau-qalasy-arnauly-martebege-ie-boldy-57391749.html
Алатау қаласы арнаулы мәртебеге ие болды
Алатау қаласы арнаулы мәртебеге ие болды
Sputnik Қазақстан
Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды 26.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-26T17:59+0500
2025-09-26T17:59+0500
2025-09-26T18:01+0500
президент
цифрландыру
жарлық
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/09/48405638_0:0:1235:694_1920x0_80_0_0_bee034638677eec384a9728ca0adce55.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен Алатау қаласына даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе берді.Арнаулы мәртебенің негізгі мақсаттары мен мазмұны мыналар:Президент Alatau City қаласы "Smart City" технологияларын қолданудан бастап, тауарлар мен қызметтерді криптовалютамен төлеу мүмкіндігіне дейінгі аймақтағы бірінші толық цифрлық қала болуы тиіс екенін айтты.Қала технологиялық прогресті өмір сүруге қолайлы ортамен үйлестіре отырып, Қазақстан болашағының бейнесін бейнелейді.
https://sputnik.kz/20250908/toqaev-alatau-qalasynyn-qanday-bolatynyn-aytty-56895274.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/09/48405638_114:0:1074:720_1920x0_80_0_0_c8f2104e853eae04101b41382cd164da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, цифрландыру, жарлық
президент, цифрландыру, жарлық
Алатау қаласы арнаулы мәртебеге ие болды
17:59 26.09.2025 (жаңартылды: 18:01 26.09.2025) Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды
АСТАНА, 26 қыркүйек - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен Алатау қаласына даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе берді.
Арнаулы мәртебенің негізгі мақсаттары мен мазмұны мыналар:
кәсіпкерліктің өсіп келе жатқан және жаңа салаларына инвестициялар тарту және әртүрлі қызмет салаларына инновациялар ендіру есебінен Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуді қамтамасыз ететін ерекше институционалдық орта қалыптастыру;
Алатау қаласын дамытуға кез келген жекеше инвестицияларды тарту және қорғау үшін сапалық жаңа деңгейдегі институционалдық базаны қамтамасыз ету;
Алатау қаласын басқаруда, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі жағдайларында жетекші халықаралық тәсілдер мен практикаларды қолдану арнаулы мәртебенің негізгі бағыты мен мазмұны болып айқындалсын.
Президент Alatau City қаласы "Smart City" технологияларын қолданудан бастап, тауарлар мен қызметтерді криптовалютамен төлеу мүмкіндігіне дейінгі аймақтағы бірінші толық цифрлық қала болуы тиіс екенін айтты.
Қала технологиялық прогресті өмір сүруге қолайлы ортамен үйлестіре отырып, Қазақстан болашағының бейнесін бейнелейді.