Президент Ғани Бейсембаевты оқу-ағарту министрі қызметінен босатты

© Sputnik / Санат ИмангалиевҒани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2025
Жазылу
Мәжіліс депутаты ведомство басшысы болып тағайындалды
АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
Бейсембаевтың орнына бұрынғы мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова келді.
Тоқаевтың жарлығынан кейін мәжіліс оның кандидатурасын мақұлдағанын хабарлады.
Сонымен қатар Тоқаев Жаслан Мәдиевті премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі етіп тағайындады.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай соңғы бірнеше күнде болған ауыс-түйіске қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, кейінгі кадрлық өзгерістерге байланысты БАҚ өкілдерінен көптеген сауал келіп жатыр.
"Бұл – әдеттегі кадрлық ротация. Негізгі мақсат – мемлекеттік жүйедегі ең маңызды бағыттардың тиімділігін күшейту. Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыруды басым міндеттің бірі ретінде белгіледі. Бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді", - деп жазды Желдібай.
Сондықтан президенттің көмекшісі ретінде Нұртілеу халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерімен, сондай-ақ әлемдік ірі компаниялардың жетекшілерімен байланысты дамытады.
Желдібай Жаслан Мәдиевтің тағайындауына қатысты да пікір айтты.
"Ведомство басшысы жолдауда айтылған Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі мақсатты іске асырумен шұғылданады. Президент министрге стратегиялық маңызы зор жұмысты атқаруға қатысты бағыт-бағдар берді", - деп жазды президенттің баспсөз хатшысы.
Ал премьер-министрдің келісімі бойынша оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова қоғамдағы белсенді қызметімен және білім беру саласындағы мол тәжірибесімен белгілі.
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Тоқаев сыртқы істер министрін тағайындады
Жаңалықтар
0