Тоқаев сыртқы істер министрін тағайындады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Жазылу
Нұртілеудің орнына Көшербаев келді
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Ал бұған дейін сыртқы істер министрі қызметін атқарған Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Ермек Көшербаев туралы не белгілі

Ермек Көшербаев 1965 жылы Алматы қаласында туған.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолын1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде аға инспектор болып бастаған.
1997–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болған.
2000–2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
2010–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған.
2014-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.
2018–2020 жылдар аралығында Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2020 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2023 жылдың маусымынан бастап – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2025 жылдың ақпанынан бүгінгі күнге дейін премьер-министрдің орынбасары болды

Мұрат Нұртілеу кім

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.
2003-2004 жылдары – сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жылдары – сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылы – сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
2007 жылы – парламент сенатының аппараты басшысының орынбасары.
2007-2011 жылдары – парламент сенаты аппаратының басшысы.
2011 жылы – сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2011 жылы – Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.
2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
2014-2016 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016-2019 жылдары – Қазақстанның Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
2019-2021 жылдары – Қазақстан президентінің көмекшісі.
2021-2022 жылдары – Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары.
2022 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 1 ақпанда президент жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
2023 жылдың сәуірінен бүгінгі күнге дейін вице-премьер – сыртқы істер министрі болды.
Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.
Үйленген, 4 баласы бар.
Жаңалықтар
0