https://sputnik.kz/20250929/quramynda-esirtki-bar-shamamen-7-myn-dari-darmek-tarkilendi-57465827.html
Құрамында есірткі бар шамамен 7 мың дәрі-дәрмек тәркіленді
Құрамында есірткі бар шамамен 7 мың дәрі-дәрмек тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Медицина қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалып, 278 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды 29.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-29T12:27+0500
2025-09-29T12:27+0500
2025-09-29T12:33+0500
полиция
дәрі-дәрмек
тексеру
https://sputnik.kz/img/81/77/817713_0:186:2641:1671_1920x0_80_0_0_fd48d7c127bdc31dd465f56c1251076b.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады деп хабарлайды Polisia.kz.22-26 қыркүйек аралығында өткізілген іс-шара ел аумағында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ уытты және күшті әсер ететін заттардың заңды айналымын бақылауға бағытталған.Полиция хабарлағандай, есірткі айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Қылмыстық кодекстің 303-бабы бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалып, 278 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.Сонымен қатар заңсыз айналымнан құрамында есірткі бар шамамен 7 мың дәрі-дәрмек және қосарлы мақсаттағы тауарларға жататын 80 тонна уытты зат тәркіленді.Өнеркәсіп саласында 60 құқықбұзушылық анықталып, 2 мың тонна прекурсордың айналымына шектеу қойылды, 20 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. 159 кәсіпорын мен 734 көлік құралы тексерілді, деп хабарлады ІІМ.
https://sputnik.kz/20250721/elimizde-dari-darmek-ondirisi-22-ga-artty--ministrlik-55825784.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/81/77/817713_0:0:2641:1980_1920x0_80_0_0_e805f3dd865619ec919ea0e8a72d3fe5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, дәрі-дәрмек, тексеру
полиция, дәрі-дәрмек, тексеру
Құрамында есірткі бар шамамен 7 мың дәрі-дәрмек тәркіленді
12:27 29.09.2025 (жаңартылды: 12:33 29.09.2025) Медицина қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалып, 278 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады деп хабарлайды Polisia.kz.
22-26 қыркүйек аралығында өткізілген іс-шара ел аумағында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ уытты және күшті әсер ететін заттардың заңды айналымын бақылауға бағытталған.
Полиция хабарлағандай, есірткі айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Қылмыстық кодекстің 303-бабы бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалып, 278 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Сонымен қатар заңсыз айналымнан құрамында есірткі бар шамамен 7 мың дәрі-дәрмек және қосарлы мақсаттағы тауарларға жататын 80 тонна уытты зат тәркіленді.
"Медицина саласында әкімшілік заңнаманы бұзудың 190-нан астам фактісі тіркелді. 202 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналып, құрамында есірткі бар 40 мыңдай таблетка, 290 мың психотроптық таблетка және 236 мың ампула тәркіленді. Республика бойынша барлығы 519 медициналық мекеме тексерілді", - деп жазылған хабарламада.
Өнеркәсіп саласында 60 құқықбұзушылық анықталып, 2 мың тонна прекурсордың айналымына шектеу қойылды, 20 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. 159 кәсіпорын мен 734 көлік құралы тексерілді, деп хабарлады ІІМ.