https://sputnik.kz/20250721/elimizde-dari-darmek-ondirisi-22-ga-artty--ministrlik-55825784.html
Елімізде дәрі-дәрмек өндірісі 22%-ға артты – министрлік
Елімізде дәрі-дәрмек өндірісі 22%-ға артты – министрлік
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда елімізде 207 қазақстандық тауар өндіруші жұмыс істейді 21.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-21T21:54+0500
2025-07-21T21:54+0500
2025-07-21T21:54+0500
денсаулық сақтау министрлігі
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/old/928/95/9289570_0:156:3000:1844_1920x0_80_0_0_34691b61d83cd6d2cc0f5f4da1681cd7.jpg
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. Қазақстанда Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай отандық дәрі-дәрмек өндірісінің 50%-ға дейінгі үлесіне қол жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін кешенді шаралар қабылдануда, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.Министрліктің мәліметінше, былтыр қазақстандық фармацевтикалық өнімнің көлемі 22%-ға артып, 171,6 млрд теңгеге жетті. Тартылған инвестицияның көлемі екі есеге артып, 91,3 млн АҚШ долларын құрады. Экспорт 32,9%-ға өсіп, 52,1 миллион АҚШ долларына жетті.Фармацевтикалық өнімнің 2 466 атауына 34 қазақстандық өндірушімен 10 жылға дейінгі мерзімге 90 ұзақ мерзімді шарт жасалды.Әлеуметтік мәні бар дәрі-дәрмектерге нақты қажеттілікті есепке алу үшін ұзақ мерзімді шарттар жасасу тәртібі қайта қаралуда.Pfizer, Hoffmann-La Roche және AstraZeneca сияқты әлемдік компаниялармен келісімшарттық өндіріс туралы келісімшарттар жасалды.Локализациялауға қойылатын талаптар күшейтілді, бірегей препараттар өндірісі ынталандырылды, бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, нормативтік базаны қайта қарау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.Индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарда орналасқан өндірушілер үшін салықтық және инфрақұрылымдық преференцияларды қоса алғанда, жеңілдікті шарттар қолданылады.Бүгінгі таңда елімізде 207 қазақстандық тауар өндіруші жұмыс істейді. Олардың 43-і дәрілік заттарды өндіруге, 164-і медициналық бұйымдарды өндіруге мамандандырылған.
https://sputnik.kz/20250715/otandyq-ondirushiler-ushin-dari-darmekke-saraptama-zhurgizu-quny-90-ga-tomendetildi-55649004.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/928/95/9289570_167:0:2834:2000_1920x0_80_0_0_93548d440226b7c23158fde68dde9f1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, дәрі-дәрмек
денсаулық сақтау министрлігі, дәрі-дәрмек
Елімізде дәрі-дәрмек өндірісі 22%-ға артты – министрлік
Бүгінгі таңда елімізде 207 қазақстандық тауар өндіруші жұмыс істейді
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. Қазақстанда Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай отандық дәрі-дәрмек өндірісінің 50%-ға дейінгі үлесіне қол жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін кешенді шаралар қабылдануда, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, былтыр қазақстандық фармацевтикалық өнімнің көлемі 22%-ға артып, 171,6 млрд теңгеге жетті. Тартылған инвестицияның көлемі екі есеге артып, 91,3 млн АҚШ долларын құрады. Экспорт 32,9%-ға өсіп, 52,1 миллион АҚШ долларына жетті.
Фармацевтикалық өнімнің 2 466 атауына 34 қазақстандық өндірушімен 10 жылға дейінгі мерзімге 90 ұзақ мерзімді шарт жасалды.
Әлеуметтік мәні бар дәрі-дәрмектерге нақты қажеттілікті есепке алу үшін ұзақ мерзімді шарттар жасасу тәртібі қайта қаралуда.
Pfizer, Hoffmann-La Roche және AstraZeneca сияқты әлемдік компаниялармен келісімшарттық өндіріс туралы келісімшарттар жасалды.
Локализациялауға қойылатын талаптар күшейтілді, бірегей препараттар өндірісі ынталандырылды, бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, нормативтік базаны қайта қарау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарда орналасқан өндірушілер үшін салықтық және инфрақұрылымдық преференцияларды қоса алғанда, жеңілдікті шарттар қолданылады.
Бүгінгі таңда елімізде 207 қазақстандық тауар өндіруші жұмыс істейді. Олардың 43-і дәрілік заттарды өндіруге, 164-і медициналық бұйымдарды өндіруге мамандандырылған.