https://sputnik.kz/20250929/italiya-prezidenti-toqaevqa-eldin-en-zhogary-nagradasyn-tapsyrdy-57472448.html
Италия президенті Тоқаевқа елдің ең жоғары наградасын тапсырды
Италия президенті Тоқаевқа елдің ең жоғары наградасын тапсырды
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Италия президентіне халықтың қолдауына ие болған көшбасшы, әлемге танымал беделді саясаткер деп баға берді 29.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-29T14:45+0500
2025-09-29T14:45+0500
2025-09-29T14:45+0500
қазақстан
италия
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1d/57470252_0:41:1280:761_1920x0_80_0_0_ae3be0187a1b4f4e8dde1e85a0beada7.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Италия президенті Серджо Маттарелланы І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан және Италия арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша үлес қосқаны үшін президент Серджо Маттареллаға І дәрежелі "Достық" орденін салтанатты түрде табыстады.Сондай-ақ бұл қазақ елінің шынайы құрметі, барша Италия халқына деген достық пейілі мен ыстық ықыласының айғағы екенін жеткізді.Мемлекет басшысы Италия президентіне халықтың қолдауына ие болған көшбасшы, әлемге танымал беделді саясаткер деп баға берді. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың екі ел қарым-қатынасын дамытуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанына назар аударды.Өз кезегінде Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары наградасы – "Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін" орденін тапсырды."Еліміздің бұл жоғары наградасы Италиямен достық қатынасты нығайтуға үлес қосқан мемлекеттер басшыларына ғана беріледі. Сіздің әлемдік тәртіпті қамтамасыз етуге және бейбітшілікті қолдауға бағытталған қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Италия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ұдайы атсалысып келе жатқаныңыз үшін ризашылық білдіреміз. Сізге табысталып отырған бұл марапат біздің Республикамызға сіңірген еңбегіңіздің бағасы", – деді Италия президенті.Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың қолынан Италияның жоғары мемлекеттік наградасын алу зор мәртебе екенін жеткізіп, алғыс айтты.
https://sputnik.kz/20250929/rimde-abay-musini-ornatylady-57468005.html
қазақстан
италия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1d/57470252_22:0:1202:885_1920x0_80_0_0_b3282ebc4f53643e679ff63624a6f4d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, италия, президент
қазақстан, италия, президент
Италия президенті Тоқаевқа елдің ең жоғары наградасын тапсырды
Тоқаев Италия президентіне халықтың қолдауына ие болған көшбасшы, әлемге танымал беделді саясаткер деп баға берді
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Италия президенті Серджо Маттарелланы І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан және Италия арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша үлес қосқаны үшін президент Серджо Маттареллаға І дәрежелі "Достық" орденін салтанатты түрде табыстады.
Сондай-ақ бұл қазақ елінің шынайы құрметі, барша Италия халқына деген достық пейілі мен ыстық ықыласының айғағы екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Италия президентіне халықтың қолдауына ие болған көшбасшы, әлемге танымал беделді саясаткер деп баға берді. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың екі ел қарым-қатынасын дамытуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанына назар аударды.
"Саяси диалогымыз жоғары деңгейде жүріп жатыр. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс қарқынды дамып келеді. Көпжақты құрылымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық. Мен Сіздің бұл бағыттағы еңбегіңізді ерекше бағалаймын. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қос халықтың достығы нығая береді. Бүгінгі келіссөздер мен уағдаластықтар стратегиялық серіктестігімізді күшейте түседі деп ойлаймын. Біз осы жолда бірлесіп әрекет етуге дайынбыз", – деді президент.
Өз кезегінде Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары наградасы – "Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін" орденін тапсырды.
"Еліміздің бұл жоғары наградасы Италиямен достық қатынасты нығайтуға үлес қосқан мемлекеттер басшыларына ғана беріледі. Сіздің әлемдік тәртіпті қамтамасыз етуге және бейбітшілікті қолдауға бағытталған қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Италия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ұдайы атсалысып келе жатқаныңыз үшін ризашылық білдіреміз. Сізге табысталып отырған бұл марапат біздің Республикамызға сіңірген еңбегіңіздің бағасы", – деді Италия президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың қолынан Италияның жоғары мемлекеттік наградасын алу зор мәртебе екенін жеткізіп, алғыс айтты.