Петропавлда шырт ұйқыда жатқан отбасы өртеніп кете жаздады

© Sputnik/Ертай СарбасовСейсмотренировка в Алматы
Сейсмотренировка в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2025
Жазылу
Өрттің себебі анықталып жатыр
АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Петропавлда көпқабатты үйдің пәтерінде жылытқыш құрал өртеніп, 8 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Петропавл қаласындағы М. Горький көшесінде орналасқан 18 қабатты тұрғын үйдің он жетінші қабатындағы пәтерде жылытқыш жанды. Пәтер иелері сол сәтте ұйықтап жатқан", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Жедел жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 8 тұрғынды эвакуациялап, 0,5 шаршы метр алаңдағы өртті тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
В Астане награжден мужчина, обеспечивший безопасность людей при пожаре - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2025
Елорда тынысы
Астанадағы өртте адамдарды құтқарған азамат марапатталды
Жаңалықтар
0