https://sputnik.kz/20250920/astanadagy-ortte-adamdardy-qutqargan-azamat-marapattaldy-57241080.html
Астанадағы өртте адамдарды құтқарған азамат марапатталды
Астанадағы өртте адамдарды құтқарған азамат марапатталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек - Sputnik. Астанада өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен азамат марапатталды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар... 20.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-20T15:51+0500
2025-09-20T15:51+0500
2025-09-20T15:51+0500
елорда тынысы
астана
өрт
https://sputnik.kz/img/07e9/09/14/57238166_547:434:2304:1422_1920x0_80_0_0_9d39115b203115642dbabe40dc66b83a.jpg
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек - Sputnik. Астанада өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен азамат марапатталды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығына сәйкес Айдын Төлеген адам өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды.Айта кетейік, 18 қыркүйекте Достық көшесіндегі мейрамханалардың бірінде өрт шыққан сәтте Айдын Төлеген еш ойланбастан тұрғын үй кешенінің ішіне кіріп, адамдардың қауіпсіз жерге шығуына көмектесті.Оның батыл да жедел әрекетінің арқасында адамдар аман қалды. Бұл әрекеті нағыз ерліктің, адамгершілік пен азаматтық жауапкершіліктің айқын үлгісіне айналды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/14/57238166_486:394:2505:1908_1920x0_80_0_0_9bc2691ac49b20baceef2bc4d3fc165d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, өрт
Астанадағы өртте адамдарды құтқарған азамат марапатталды
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек - Sputnik. Астанада өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен азамат марапатталды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығына сәйкес Айдын Төлеген адам өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды.
Айта кетейік, 18 қыркүйекте Достық көшесіндегі мейрамханалардың бірінде өрт шыққан сәтте Айдын Төлеген еш ойланбастан тұрғын үй кешенінің ішіне кіріп, адамдардың қауіпсіз жерге шығуына көмектесті.
Оның батыл да жедел әрекетінің арқасында адамдар аман қалды. Бұл әрекеті нағыз ерліктің, адамгершілік пен азаматтық жауапкершіліктің айқын үлгісіне айналды.