Түркістан облысында мұғалімдер үйлерінде жоқ балаларды оқытқаны үшін жалақы алған

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуСыныптағы мұғалім
Сыныптағы мұғалім - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Жазылу
Жалпы заңсыз төлем көлемі 4 255 997 теңгені құрады
АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Түркістан облысы Сарыағаш ауданын инклюзивті білім беру саласында заң бұзушылықтар анықталды.
Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде аудандағы 23 мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар 64 балаға үйде сабақтың іс жүзінде өткізілмегені, алайда мұғалімдерге еңбекақының төленіп отырғаны анықталды.
"D.MED" жүйесі арқылы бұл балалардың еліміздің әр өңіріндегі ауруханаларда ұзақ уақыт бойы ем қабылдағаны және үй жағдайында білім алу мүмкіндіктерінің болмағаны белгілі болды. Соған қарамастан, мұғалімдерге сабақ өткізгені үшін төлемдер жасалған", - деп жазылған хабарламада.
Мысалы, №16 мектептің бір оқушысы жыл бойы емдеуде болғанына қарамастан, мұғалімдер оны "оқытқаны" үшін 319 101 теңге алған.
Жалпы заңсыз төлем көлемі 4 255 997 теңгені құрады.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде бұл қаражат бюджетке қайтарылып, білім беру саласының 311 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Страница сайта казахстанского Единого накопительного пенсионного фонда (ЕНПФ) на экране мобильного телефона - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2025
Зейнетақы қаржысын заңсыз алған қазақстандықтарға қатысты шешім қабылданды
Жаңалықтар
0