https://sputnik.kz/20250915/zeynetaqy-qarzhysyn-zansyz-algan-qazaqstandyqtarga-qatysty-sheshim-qabyldandy-57088290.html
Зейнетақы қаржысын заңсыз алған қазақстандықтарға қатысты шешім қабылданды
Зейнетақы қаржысын заңсыз алған қазақстандықтарға қатысты шешім қабылданды
Sputnik Қазақстан
Зейнетақы активін шығарудың заңсыз схемаларын ұйымдастырғандардың әрекеті ғана тергеледі 15.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-15T20:20+0500
2025-09-15T20:20+0500
2025-09-15T20:20+0500
зейнетақы
зейнетақы жинағы
зейнетақы қоры
https://sputnik.kz/img/137/62/1376208_0:0:5402:3040_1920x0_80_0_0_75ddaf45b19eb5af9e969df2d4ee587b.jpg
АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысында стоматология арқылы өзінің зейнетақы қаржысын заңсыз шығарып алған қазақстандықтарға қатысты шешім қабылдады.ҚМА мәліметінше тергеу барысында тек зейнетақы активтерін заңсыз шығару схемасын ұйымдастырушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі."Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан" қаражатты заңсыз шешіп алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкерленді."Ол үшін ұйымдастырушылар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы елдің әр өңірінде Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және басқа қалаларда орналасқандай етіп, 30-дан астам стоматологиялық клиниканы пайдаланған", - дейді ведомство.Шын мәнінде, бұл медицина ұйымдары тек қағаз жүзінде болған, халыққа ешқандай қызмет көрсетпеген. Олардың ғимараттары да, жабдықтары да, білікті қызметкерлері де болмаған. Клиникалардың басшылары мен құрылтайшыларының медициналық білімі де жоқ, дейді агенттік.Зейнетақы салымшыларының ақшасына күдіктілер 15 қымбат автокөлік (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade) – жалпы құны 600 млн теңгеден астам – сондай-ақ зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған.Қазіргі уақытта 59 тінту жұмысы жүргізілді. 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылады."Ұсталғандардың қорғану құқығы бұзылып жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Барлық процессуалдық әрекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілуде. Әр күдіктінің адвокаттарымен байланысы шектелмеген. ҚМА қызметкерлерінің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда, адвокаттар мен күдіктілер сотқа немесе прокуратура органдарына шағымдана алады", - дейді ведомство.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/137/62/1376208_0:0:4860:3645_1920x0_80_0_0_d56e15fa5d5b04093d6e07c4a9a411b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы, зейнетақы жинағы, зейнетақы қоры
зейнетақы, зейнетақы жинағы, зейнетақы қоры
Зейнетақы қаржысын заңсыз алған қазақстандықтарға қатысты шешім қабылданды
Зейнетақы активін шығарудың заңсыз схемаларын ұйымдастырғандардың әрекеті ғана тергеледі
АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысында стоматология арқылы өзінің зейнетақы қаржысын заңсыз шығарып алған қазақстандықтарға қатысты шешім қабылдады.
ҚМА мәліметінше тергеу барысында тек зейнетақы активтерін заңсыз шығару схемасын ұйымдастырушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.
"Өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды", - деп жазылған хабарламада.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан" қаражатты заңсыз шешіп алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкерленді.
"Ол үшін ұйымдастырушылар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы елдің әр өңірінде Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және басқа қалаларда орналасқандай етіп, 30-дан астам стоматологиялық клиниканы пайдаланған", - дейді ведомство.
Шын мәнінде, бұл медицина ұйымдары тек қағаз жүзінде болған, халыққа ешқандай қызмет көрсетпеген. Олардың ғимараттары да, жабдықтары да, білікті қызметкерлері де болмаған. Клиникалардың басшылары мен құрылтайшыларының медициналық білімі де жоқ, дейді агенттік.
"Жалған медициналық құжаттарды рәсімдегені үшін күдіктілер азаматтардың алған қаражатынан 10%-дан 20%-ға дейін заңсыз сыйақы ұстап отырған. Жиналған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қылмыстық топтар 226 "дропперді" пайдаланған. Жалпы, 200 млрд теңгеден астам қаржы айналымнан шығарылған", - дейді қаржылық мониторинг агенттігі.
Зейнетақы салымшыларының ақшасына күдіктілер 15 қымбат автокөлік (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade) – жалпы құны 600 млн теңгеден астам – сондай-ақ зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған.
Қазіргі уақытта 59 тінту жұмысы жүргізілді. 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылады.
"Ұсталғандардың қорғану құқығы бұзылып жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Барлық процессуалдық әрекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілуде. Әр күдіктінің адвокаттарымен байланысы шектелмеген. ҚМА қызметкерлерінің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда, адвокаттар мен күдіктілер сотқа немесе прокуратура органдарына шағымдана алады", - дейді ведомство.