Диссертация жазғанда жасанды интеллектті пайдалануға бола ма - министр жауап берді

CC0 / Congerdesign / Қағаз
Қағаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Жазылу
Қорытынды бөлімдерде кез келген тезис үшін жасанды интеллектті қолдануға тыйым салынған
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек диссертация жазғанда жасанды интеллектті пайдалану тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрлік ішкі құжаттармен жасанды интеллектті пайдалану тәртібін бекітіп қойған.
"Біз зерттеулерде кейбір жерлерде жасанды интеллектті қолдануға рұсқат беріп отырмыз. Бірақ нақты талап бар. Оған сәйкес, зерттеу жұмысындағы қорытындыланған деректер қай платформада, қай жасанды интеллектпен талданғанын көрсетіп отыру қажет. Ал қорытынды бөлімдерде кез келген тезис үшін жасанды интеллектті қолдануға тыйым салынған", - деді Нұрбек жасанды интеллектті дамытуға арналған парламенттік тыңдауда.
Министрдің айтуынша, жасанды интеллектті қолдануға қатысты этикалық нормалар да бар.
Касым-Жомарт Токаев выступил на совещании высокого уровня по глобальным инициативам Китая в Нью-Йорке - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025
Қазақстан Қытайдың жасанды интеллект саласында жаһандық ұйым құру бастамасын қолдайды
Жаңалықтар
0