https://sputnik.kz/20250924/qazaqstan-qytaydyn-zhasandy-intellekt-salasynda-zhaandyq-uyym-quru-bastamasyn-qoldaydy-57324047.html
Қазақстан Қытайдың жасанды интеллект саласында жаһандық ұйым құру бастамасын қолдайды
Қазақстан Қытайдың жасанды интеллект саласында жаһандық ұйым құру бастамасын қолдайды
Sputnik Қазақстан
Негізгі рөлді Біріккен Ұлттар Ұйымы атқаратын болады, деп мәлімдеді Тоқаев 24.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-24T10:01+0500
2025-09-24T10:01+0500
2025-09-24T10:01+0500
қасым-жомарт тоқаев
қытай
https://sputnik.kz/img/07e9/09/18/57320909_200:78:1266:678_1920x0_80_0_0_f8c12f7fe21ce44eb65fe8ba3d334997.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында ҚХР-дың жаһандық даму және жаһандық басқару саласындағы бастамалары бойынша жоғары деңгейдегі кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы Қазақстан геосаяси және экономикалық сын-қатерлерге жауап беретін Қытайдың жаһандық бастамасын толығымен құптайтынын атап өтті.Жаһандық басқару бастамасы, ең алдымен, цифрлық технологияға, қауіпсіз киберкеңістікке және ғарыш кеңістігіне әділ қол жеткізуді қамтамасыз етеді.Сондай-ақ Президент Жаһандық басқару бастамасы 150-ден астам ел қосылған "Бір белдеу, бір жол" стратегиясының міндеттерімен үндес екенін жеткізді.Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық бастаманы жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық БҰҰ-ның негізгі мақсаттарына жетуге септігін тигізетінін атап өтті.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/18/57320909_157:64:982:683_1920x0_80_0_0_15b2db0d388f617653be71c0939ffbea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қытай
қасым-жомарт тоқаев, қытай
Қазақстан Қытайдың жасанды интеллект саласында жаһандық ұйым құру бастамасын қолдайды
Негізгі рөлді Біріккен Ұлттар Ұйымы атқаратын болады, деп мәлімдеді Тоқаев
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында ҚХР-дың жаһандық даму және жаһандық басқару саласындағы бастамалары бойынша жоғары деңгейдегі кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қазақстан геосаяси және экономикалық сын-қатерлерге жауап беретін Қытайдың жаһандық бастамасын толығымен құптайтынын атап өтті.
"Аталған бастама тұрлаусыз әлемге оң әсер етіп, көптеген елдің мақсат-мұратын айқын жеткізуіне көмектеседі. Осы ретте негізгі рөлді Біріккен Ұлттар Ұйымы атқаратын болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаһандық басқару бастамасы, ең алдымен, цифрлық технологияға, қауіпсіз киберкеңістікке және ғарыш кеңістігіне әділ қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
"Бұл нормативтік-құқықтық база мен жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық стандарттарын әзірлеу тұрғысынан өте өзекті. Осы орайда Қазақстан Қытайдың жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық бойынша жаһандық ұйым құру жөніндегі ұсынысын қолдайды", – деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент Жаһандық басқару бастамасы 150-ден астам ел қосылған "Бір белдеу, бір жол" стратегиясының міндеттерімен үндес екенін жеткізді.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық бастаманы жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық БҰҰ-ның негізгі мақсаттарына жетуге септігін тигізетінін атап өтті.