Диетолог неліктен таңғы асқа шұжық жеуге болмайтынын айтты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуКолбасные изделия, архивное фото
Колбасные изделия, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Жазылу
Ол шұжықты сиыр тілімен ауыстыруды ұсынды
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік диетолог әрі эндокринолог Антон Поляков таңғы асқа шұжық жейтіндерге қатысты тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Дәрігер aif.ru сайтына берген сұхбатында шұжық өнімдері қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттыратын тағамдардың қатарына кіретінін айтты.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұжық әлдеқашан қауіп төндіретін азық-түліктер тобына жатқызды. Яғни шұжықты тұрақты түрде жеген жағдайда қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттырады", - деп атап өтті Антон Поляков.
Ол шұжықты сиыр тілімен ауыстыруды ұсынды, өйткені оның тағамдық құнары көбірек.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Диетолог тамырда қанның ұйып қалуына әкеп соқтыратын тағамдарды атады
Жаңалықтар
0