https://sputnik.kz/20250925/whatsapp-ta-zhana-funktsiya-payda-boldy-57334788.html
WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. WhatsApp-та хабарламаларды аударатын функция пайда болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 25.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-25T08:00+0500
2025-09-25T08:00+0500
2025-09-25T08:00+0500
whatsapp
android
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/04/40602535_0:0:3073:1730_1920x0_80_0_0_f4d208e38a7ce9deab15a4e155f7e65f.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. WhatsApp-та хабарламаларды аударатын функция пайда болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мессенджер блогында айтылғандай, егер сіз басқа тілдегі хабарды көрсеңіз, оның үстінен басып, ұстап тұрыңыз, содан кейін "Аудару" түймесін таңдаңыз. Хабарламаны аударғыңыз келетін тілді таңдап, болашақ аудармалар үшін сақтап қою үшін сол тілді жүктеп алыңыз. Бұл функция жеке чаттарда, топтарда қолжетімді.Сондай-ақ Android қолданушылары болашақ хабарламалар таңдалған тілге аударылу үшін автоматты аударманы қосып қоя алады.Хабарламалар тек құрылғыңызда аударылады.Функция Android және iPhone пайдаланушылары үшін іске қосыла бастады. Әзірге бірнеше тіл ғана қолжетімді, бірақ болашақта олардың саны артады. Қазіргі уақытта Android пайдаланушылары үшін алты тіл бар: ағылшын, испан, үнді, португал, орыс және араб. iPhone пайдаланушылары бірден 19-дан астам тілге қол жеткізе алады.WhatsApp-ты 180-ден астам елде 3 миллиардтан астам адам қолданады және жаңа функция қарым-қатынастағы ықтимал тілдік кедергілерді еңсеруге көмектеседі.
https://sputnik.kz/20220901/whatsapp-aqyldy-sagat-qonyrau-shalu-27180074.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/04/40602535_131:0:2860:2047_1920x0_80_0_0_b79498449c2fcbf340ee7fef5d29b104.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
whatsapp, android
WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. WhatsApp-та хабарламаларды аударатын функция пайда болды деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Мессенджер
блогында айтылғандай, егер сіз басқа тілдегі хабарды көрсеңіз, оның үстінен басып, ұстап тұрыңыз, содан кейін "Аудару" түймесін таңдаңыз. Хабарламаны аударғыңыз келетін тілді таңдап, болашақ аудармалар үшін сақтап қою үшін сол тілді жүктеп алыңыз. Бұл функция жеке чаттарда, топтарда қолжетімді.
Сондай-ақ Android қолданушылары болашақ хабарламалар таңдалған тілге аударылу үшін автоматты аударманы қосып қоя алады.
Хабарламалар тек құрылғыңызда аударылады.
Функция Android және iPhone пайдаланушылары үшін іске қосыла бастады. Әзірге бірнеше тіл ғана қолжетімді, бірақ болашақта олардың саны артады. Қазіргі уақытта Android пайдаланушылары үшін алты тіл бар: ағылшын, испан, үнді, португал, орыс және араб. iPhone пайдаланушылары бірден 19-дан астам тілге қол жеткізе алады.
WhatsApp-ты 180-ден астам елде 3 миллиардтан астам адам қолданады және жаңа функция қарым-қатынастағы ықтимал тілдік кедергілерді еңсеруге көмектеседі.