WhatsApp-та "ақылды" сағат арқылы қоңырау шалу функциясы пайда болады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
Мессенджердің бета-нұсқасында Samsung Galaxy Watch 4 және 5 сағаттарында қолданыла бастады
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек - Sputnik. Жақында "ақылды" сағаттардың кейбір модельдерінің иелеріне WhatsApp арқылы қоңырау шалу мүмкіндігі ұсынылды, деп хабарлайды 9to5google порталы.
Бұл жаңашылдық мессенджердің бета-нұсқасында Samsung Galaxy Watch 4 және 5 сағаттарында қолданыла бастады.
"Ақылды" сағаттар үшін WhatsApp-тың жеке қосымшасы әлі қарастырылмаған. Бұл функция мессенджер орнатылған смартфонмен бірге жұмыс істейді. Біреу WhatsApp-қа қоңырау шалса, пайдаланушы сағат арқылы сөйлесе алады.
Жаңа опция әзірге тек Android-те WhatsApp бета-тестіне қатысушыларға ғана қолжетімді. Баршы қолданушы үшін қай уақытта іске қосылатыны әзірге хабарланбады.
Whatsapp - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2022
Өңірлер
Петропавлдық WhatsApp-тағы діни "статусы" үшін айыппұл төлейді
Жаңалықтар
0