Өңірлер

Петропавлдық WhatsApp-тағы діни "статусы" үшін айыппұл төлейді

© Photo : Pixabay /antonbeWhatsapp
Whatsapp - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2022
Жазылу
Ауыл тұрғынына 107 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келеді
ПЕТРОПАВЛ, 7 шілде - Sputnik.Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынына мессенджерде гі діни статусы үшін айыппұл салынды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының 39 жастағы тұрғыны WhatsApp мессенджерінде бір ай бойы діни материалдар мен суреттер салған. Мұндай әрекет құқықбұзушылық болып табылады. Ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік материал жиналып, аудандық сотқа жолданды", - деп хабарлады полиция.
Ғ.Мүсірепов атындағы аудан сотының қаулысымен ауыл тұрғыны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 3-бөлігі бойынша ("діни сипаттағы материалдарды тарату") құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 35 айлық есептік көрсеткіш (107 мың 205 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
490-бапта бұл үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (1 АЕК-3 063 теңге) айыппұл салу қарастырылған.
"Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген стационарлық үй-жайларда ғана жол беріледі. Петропавлда осындай 15 арнайы орын бар, біреуі Айыртау ауданында", - деді ПД экстремизмге қарсы іс - қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Руслан Жарасбаев.
Жыл басынан бері діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін 9 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
0