Жыл басынан бері зейнетақы төлеуге қанша теңге жұмсалды

© Sputnik/Ертай СарбасовДом престарелых
Дом престарелых - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025
Жазылу
Қазақстанда 2 млн 503 мың зейнеткер тұрады
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,8 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 804,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 907,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 897 млрд теңге қарастырылды.
Жалпы Қазақстанда 2 млн 503 мың зейнеткер тұрады.
"Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 894 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 326 теңге, базалық зейнетақы – 47 568 теңге", - дейді ведомство.
Биыл 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 6,5%-ке, ынтымақты зейнетақы 8,5% өсті.
"Бұдан басқа мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-не дейін, ең жоғары – 120%-ке дейін жыл сайын кезең-кезеңімен артады", - деді министрлік.
Страница сайта казахстанского Единого накопительного пенсионного фонда (ЕНПФ) на экране мобильного телефона - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2025
Зейнетақы қаржысын заңсыз алған қазақстандықтарға қатысты шешім қабылданды
Жаңалықтар
0