Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Кремль Зеленскийдің Қазақстанда келіссөз жүргізу туралы ұсынысына жауап берді

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуМосковский Кремль
Московский Кремль - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Украиналықтар Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің ықтимал кездесуі өтетін жерге қатысты үстін-үстін ұсыныс жасап жатыр, деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Украиналықтар кездесу өтетін жерге қатысты үстін-үстін ұсыныс жасап жатыр, көптеген елді атады. Олар алдымен Қазақстанды емес, біз үшін мүлдем қолайсыз елдерді атады", - деді Песков РБК радиосына берген сұхбатында.
Ресейдің қақтығысты реттеу үшін жұмыс топтарын құру туралы ұсынысына украиналық тарап жауап бермеді, дейді Песков.
"Киев тарапы, украин тарапы дбұған жауап бермеді. Бұл ұсыныс ауада тұрды", - деді ол.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Украинамен саяси аспектілерді талқылауға және кез келген форматта жұмыс істеуге дайын екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, шілде айында Ыстанбұлда өткен Украинамен келіссөздің үшінші кезеңінде Ресей ұсыныс айтқан. Ол – гуманитарлық, әскери және саяси мәселелерді нақты қарау үшін үш жұмыс тобын құру. Алайда Киев әлі жауап бермеген.
Сонымен қатар Зеленский Путиннің Мәскеуге шақыртуынан бас тартқан.
Встреча Владимира Зеленского и Касым-Жомарта Токаева в Нью-Йорке - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
Жаңалықтар
0