https://sputnik.kz/20250924/zelenskiy-qazaqstanda-putinmen-kezdesuge-dayyn-ekenin-malimdedi-57321772.html
Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Нью-Йоркте Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп... 24.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-24T09:02+0500
2025-09-24T09:02+0500
2025-09-24T09:02+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/17/57291457_50:68:1239:737_1920x0_80_0_0_7716d7357dd43e45061b66918e9c73f1.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Нью-Йоркте Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.Жүргізуші сөзін нақтылауды сұраған кезде Зеленский Ресей басшысымен кездесуге дайын екенін растады.Путин Қытайға сапары кезінде журналистердің Зеленскиймен кездесуі туралы сұрағына жауап бере отырып:Ресей басшысы кездесуге жақсы дайындық жасалып, оң нәтижелерге әкелетін болса, одан ешқашан бас тартпайтынын қайталады.Бір апта бұрын Зеленский Трамп және Путинмен үшжақты немесе екіжақты форматта алдын ала шартсыз кездесуге дайын екенін тағы да мәлімдеді, бірақ бірден шарт қойды: Мәскеуде емес.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/17/57291457_136:23:1142:778_1920x0_80_0_0_00370cfbc23cf8bc0d0760efd64a2f1b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Нью-Йоркте Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
РИА Новости. "Біз, біздің командамыз Түркияда, Сауд Арабиясында, Қатарда, Еуропаның Австрия, Швейцария сияқты бейтарап елдерінде кездесуді ұсындық... егер қаласаңыз, мысалы, Қазақстанда да өткізуге болады", - деді Зеленский америкалық Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
Жүргізуші сөзін нақтылауды сұраған кезде Зеленский Ресей басшысымен кездесуге дайын екенін растады.
Путин Қытайға сапары кезінде журналистердің Зеленскиймен кездесуі туралы сұрағына жауап бере отырып:
"Зеленский мырзамен кездесуге қатысты бұрын да айтқанмын. Жалпы, мен мұндай кездесудің мүмкіндігін ешқашан жоққа шығарған емеспін. Мұндай кездесулердің қандай да бір мәні бар ма? Қараңыздар, көрейік", - деген болатын.
Ресей басшысы кездесуге жақсы дайындық жасалып, оң нәтижелерге әкелетін болса, одан ешқашан бас тартпайтынын қайталады.
"Айтпақшы, Дональд (Трамп - ред.) осындай кездесу өткізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Мен: иә, мүмкін деп айттым. Сайып келгенде, егер Зеленский дайын болса, Мәскеуге келсін – мұндай кездесу болады", - деді Путин.
Бір апта бұрын Зеленский Трамп және Путинмен үшжақты немесе екіжақты форматта алдын ала шартсыз кездесуге дайын екенін тағы да мәлімдеді, бірақ бірден шарт қойды: Мәскеуде емес.