https://sputnik.kz/20250924/baylyq-salygy-kasipkerlerge-salynbaydy--salyqshylar-57332248.html
Байлық салығы кәсіпкерлерге салынбайды – салықшылар
Байлық салығы кәсіпкерлерге салынбайды – салықшылар
Sputnik Қазақстан
Мүліктің құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесі ұлғаяды 24.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-24T13:02+0500
2025-09-24T13:02+0500
2025-09-24T13:30+0500
салық
салық төлеуші
байлық
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_27ada75fa95f2cd016eebe4f3b3acdb9.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов байлық салығы кәсіпкерлерге салынбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оған сәйкес, "сән-салтанат салығы" енгізіледі. Ондай салық тек жеке тұлғаларға салынады.Кодекс бойынша жылжымайтын мүліктің құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесі ұлғаяды. Базалық ставка жылына 3 миллион теңге болады. Ал жалпы құнынан асатын сомадан тағы 2 процент алынады. Сол сияқты 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге, сондай-ақ қымбат кемелер мен ұшу аппараттарына акциздер енгізіледі.
https://sputnik.kz/20250829/suleymenov-qun-salygy-bagalarga-qalay-aser-etetinin-aytty-56688241.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_176:0:1076:675_1920x0_80_0_0_24cd55ba7bdec120777bf0198d16695f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, салық төлеуші, байлық
салық, салық төлеуші, байлық
Байлық салығы кәсіпкерлерге салынбайды – салықшылар
13:02 24.09.2025 (жаңартылды: 13:30 24.09.2025) Мүліктің құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесі ұлғаяды
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов байлық салығы кәсіпкерлерге салынбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оған сәйкес, "сән-салтанат салығы" енгізіледі. Ондай салық тек жеке тұлғаларға салынады.
"Иә, ондай салық жеке тұлғаларға ғана салынады. Жеке кәсіпкерлер төлемейді. Біз бизнесті әдейі қоспадық. Себебі кейбір заңды тұлғаларда қымбат көліктер, қымбат ұшақтар мен қымбат кеңселерге қажеттілік бар. Сондықтан тек жеке тұлғаларға саламыз", - деді Нұржанов жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинарда.
Кодекс бойынша жылжымайтын мүліктің құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесі ұлғаяды. Базалық ставка жылына 3 миллион теңге болады. Ал жалпы құнынан асатын сомадан тағы 2 процент алынады. Сол сияқты 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге, сондай-ақ қымбат кемелер мен ұшу аппараттарына акциздер енгізіледі.