Сүлейменов құн салығы бағаға қалай әсер ететінін айтты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСүлейменов құн салығы бағаларға қалай әсер ететінін айтты
Сүлейменов құн салығы бағаларға қалай әсер ететінін айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Жазылу
Жаңа салық кодексі бойынша келесі жылдан қосылған құн салығы 16 процентке дейін көтеріледі
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қосылған құн салығының жаңа мөлшерлемесі бағаға қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жақында қабылданған салық кодексі бойынша келесі жылдан қосылған құн салығы 16 процентке дейін көтеріледі. Кәсіпкерлер тауар бағасын да көтереді деген болжам бар. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, қазірдің өзінде қосылған құн салығының әсері байқалып отыр.
“Салық реформасынан күтілетін әсерді қазірдің өзінде тауар бағаларынан және тарифтерден байқауға болады. Сондықтан келесі жылы қосылған құн салығының жаңа мөлшерлемесін енгізуінен бағалардың күрт өскенін көрмейтін шығармыз”, - деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.
Бұған дейін қосылған құн салығының жаңа мөлшерлемесі біраз уақыт талқыланды. Үкімет алдымен оны 20 процентке, одан кейін 16 көтеруді ұсынған болатын.
“Біздіңше, сол уақыттың ішінде бұл бастаманың бағалар мен тарифтерге деген негізгі әсері өтіп болды”, - деп атап көрсетті Сүлейменов.
Ұлттық банктің қазіргі болжамына сәйкес, келесі жылы инфляция 9,5-11,5 процент маңайында болады. Ал үкімет 10,0 проценттен аспайды деп отыр.
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
2026 жылы инфляция қай деңгейде болады – үкімет болжамы
Жаңалықтар
0