Саусағынан айырылған науқас сот арқылы өтемақы өндіріп алды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025
Жазылу
Сот науқастың талап арызын қанағаттандырды
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Алматыда медициналық орталықта ем алған науқас саусағынан айырылды, деп хабарлайды қалалық сот.
Ол материалдық, моральдық шығын өтеуді талап етіп, сотқа шағым түсірді. Азаматтық істі Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты қарады.

"Диабеті асқынған талап беруші медициналық орталыққа жүгініп, 420 мың теңге ақы төлеген. Алайда көрсетілген медициналық көмек жағдайын жақсартпаған. Керісінше ауру асқынып, науқас басқа медициналық орталыққа жүгінуге мәжбүр болған. Онда дәрігерлер алдыңғы сапасыз емнің салдарын жою үшін оң аяғының саусағын ампутациялаған", - дейді ведомство.

Сот науқастың талап арызын қанағаттандырды. Медициналық орталықтан 120 000 теңге материалдық және 500 000 теңге моральдық зиянды өндіріп алу туралы шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Көпбалалы отбасы автобус паркінен ай сайын өтемақы алады – сот үкімі
Жаңалықтар
0