Жүзден астам гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне қайтарылады

Плотина - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Жазылу
Сонымен қатар 1 937 гидротехникалық нысанды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру жоспарланған
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Жыл соңына дейін 120 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтеді, деп хабарлайды Су ресурстары министрлігі.
Облыс әкімдіктері гидротехникалық нысандарды коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың балансына беру бойынша жол карталарын әзірледі.

"Осы жол карталарына сәйкес, биыл 120 гидротехникалық нысанды кәсіпорындардың балансына қабылдау жоспарланып отыр. 2026 жылы – 245, ал 2027 жылы – 465 нысанды қабылдау көзделген. Сонымен қатар 1 937 гидротехникалық нысанды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру жоспарда бар", - дейді ведомство.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде өңірлерде коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі 16 мамандандырылған ұйым құрылып, жұмыс істеп жатыр.
Соның ішінде 10 ұйым 2024-2025 жылдары құрылған. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың балансына 872 нысан қабылданып, 283 арнайы техника берілді және 1 197 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 310 қызметкер биыл жұмыспен қамтылды.
"Жаңа мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында ашылды",– деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Жамбылдағы Шу өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2025
Қытай компаниясы Қазақстанның су шаруашылығын цифрландыруға атсалысады
Жаңалықтар
0