https://sputnik.kz/20250919/qytay-kompaniyasy-qazaqstannyn-su-sharuashylygyn-tsifrlandyruga-atsalysady-57202223.html
Қытай компаниясы Қазақстанның су шаруашылығын цифрландыруға атсалысады
Қытай компаниясы Қазақстанның су шаруашылығын цифрландыруға атсалысады
Sputnik Қазақстан
Power China компаниясымен арадағы меморандум су шаруашылығындағы бірқатар бағытты қамтиды 19.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-19T08:40+0500
2025-09-19T08:40+0500
2025-09-19T08:53+0500
министрлік
қазақстан
қытай
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54692417_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_568831ef55a30bd0a353ee5d1d392603.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытайдың Power China өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Құжатқа Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров пен Power China International директорлар кеңесінің хатшысы, Еуразиялық өңірлік штабтың вице-президенті Го Цзюньи қол қойды.Құжат гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту және ирригациялық жүйелерді реконструкциялау, бірлескен бағдарламалар арқылы кәсіби кадрларды даярлау және тәжірибе алмасу, су шаруашылығын цифрландыру бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді.Сонымен қатар меморандум инвестициялар тарту, суды үнемдеу және ресурстарды тиімді пайдалану, ғылыми зерттеулер мен техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ жерасты суын басқару саласындағы мамандар үшін оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру сияқты бағыттарын да қамтиды.Айта кетейік, келесі жылы Қытайда тағы 200 қазақстандық маман біліктілікті арттыру курстарынан өтеді деп жоспарланып отыр. Биылғыдай барлық шығынды қытайлық тарап өз мойнына алады.
https://sputnik.kz/20250918/kelesi-zhyly-su-resurstarynyn-ulttyq-aqparattyq-zhuyesi-iske-qosylady-57175863.html
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54692417_281:0:1241:720_1920x0_80_0_0_a309fa23ad1a3e5f1b533b58fa4af683.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, қазақстан, қытай
министрлік, қазақстан, қытай
Қытай компаниясы Қазақстанның су шаруашылығын цифрландыруға атсалысады
08:40 19.09.2025 (жаңартылды: 08:53 19.09.2025) Power China компаниясымен арадағы меморандум су шаруашылығындағы бірқатар бағытты қамтиды
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытайдың Power China өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Құжатқа Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров пен Power China International директорлар кеңесінің хатшысы, Еуразиялық өңірлік штабтың вице-президенті Го Цзюньи қол қойды.
Құжат гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту және ирригациялық жүйелерді реконструкциялау, бірлескен бағдарламалар арқылы кәсіби кадрларды даярлау және тәжірибе алмасу, су шаруашылығын цифрландыру бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді.
Сонымен қатар меморандум инвестициялар тарту, суды үнемдеу және ресурстарды тиімді пайдалану, ғылыми зерттеулер мен техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ жерасты суын басқару саласындағы мамандар үшін оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру сияқты бағыттарын да қамтиды.
"Қытай тарапына Қазақстанның су саласы мамандарына арналған оқу курстарын ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Биыл оқуға төрт топ қатысып, барлығы 125 маман біліктілігін арттырды. Қол қойылған меморандум аясында бұл ынтымақтастық жалғасын тауып, алдағы уақытта да су саласы қызметкерлері үшін осындай тренингтер өткізіледі деп үміттенеміз", – деді бірінші вице-министр Нұрлан Алдамжаров.
Айта кетейік, келесі жылы Қытайда тағы 200 қазақстандық маман біліктілікті арттыру курстарынан өтеді деп жоспарланып отыр. Биылғыдай барлық шығынды қытайлық тарап өз мойнына алады.