Түркістан облысында тұрмысы жақсы отбасылар өздерін кедей етіп көрсеткен

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Жазылу
Олар атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында тұрғындар мүліктері мен табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Атап айтқанда, Сарыағашта - 11 тұрғын, Келесте - 6 және Мақтааралда - 2 түрғын табысын жасырып, мемлекет қаржысынан 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген.
"Сонымен қатар Келес ауданындағы 13 тұрғын өтініш беру кезінде отбасымен бірге тұратын мүшелерін әдейі жасырған. Осылайша жиынтық табысты төмендетіп, кедейшілік шегінен аспауға тырысқан. Олар 2,2 млн теңгені заңсыз алған", - дейді ведомство.
Страница сайта казахстанского Единого накопительного пенсионного фонда (ЕНПФ) на экране мобильного телефона - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2025
Зейнетақы қаржысын заңсыз алған қазақстандықтарға қатысты шешім қабылданды
Жаңалықтар
0